2-тарау. Бала тууды мемлекеттік тіркеу, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға, әке (ана) болуды анықтауға, ұл (қыз) баланы асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу тәртібі
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - тууды тіркеу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) келтірілген.
- Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін ата – аналары немесе басқа да мүдделі тұлғалар бала туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті (бұдан әрі - туу туралы өтініш) кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің қалауы бойынша жазбаша нысанда не электрондық түрде осы Қағидаларға 5-қосымшағасәйкес береді.
Өлі туған бала және бала өмірінің алғашқы аптасында шетінеген жағдайда өтінішті медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы бала туылған немесе қайтыс болған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Өлі туған баланы және өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы мемлекеттік тіркеу тіркеуші органда бала туған немесе шетінеген кезден бастап бес тәуліктен кешіктірілмей жүргізіледі.
Өлі туған баланың туу туралы куәлігі берілмейді. Өлі туған балаға қатысты өлі туған баланы мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.
Туу және қайтыс болу туралы жасалған акт жазбаларының негізінде қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама беріледі. Ата-анасының өтінуі бойынша баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.
Баланың тууын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасымен көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталында тіркей отырып, проактивті жолмен көрсетуге болады және ол:
1) көрсетілетін қызметті алушыға тууды мемлекеттік тіркеуді көрсетуге сұраным жасалған автоматты хабарлама жіберуді;
2) проактивті қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының көмегімен көрсетілетін қызметті алушының келісімін алу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан басқа қажетті, оның ішінде шектеулі қолжетімді мәліметтерді алуды қамтиды.
- Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша тууды мемлекеттік тіркеу "Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау", "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" және "Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау" мемлекеттік қызметтерімен жиынтықта "бір өтініш" қағидасы бойынша көрсетіледі.
- Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде баланың тууын тіркеу үшін негіз болып табылатын туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімі жөнінде, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы және неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы (тіркелген неке (ерлі-зайыптылық) болған кезде) мәліметтер көрсетіледі.
Тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.
- Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған кәмелетке толмаған баланың тууын мемлекеттік тіркеу ата-анасының немесе олардың біреуінің қалауы бойынша шетелдік тіркеуші органдарда тіркелгеніне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органында келесі құжаттардың бірін ұсынған кезде жүргізілуі мүмкін:
1) туу туралы куәліктің түпнұсқасы;
2) туу туралы акт жазбасының көшірмелері;
3) туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасы.
Жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда тууды мемлекеттік тіркеу туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің негізінде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы туу туралы куәліктің түпнұсқасын ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері оның көшірмесін жасайды және түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
- Өтінішті және қоса берілген құжаттарды толық толтыру фактісі анықталған жағдайда (қажет болған жағдайда) құжаттарды өңдеуге жауапты лауазымды тұлға өтінішті және қоса берілген құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданған өтінішті тіркейді, деректерді АХАЖ АЖ-не енгізеді.
- Бала медициналық ұйымда туылған және анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайларда, туу фактісін тіркеу кезінде ол туралы мәліметтер анасының өтініші бойынша және туу туралы медициналық куәлікке сәйкес толтырылады, оған анасы туралы мәліметтер өзінің сөзі бойынша жазылғаны туралы белгі қойылады.
Медициналық куәлік АХАЖ АЖ-не электронды түрде түседі.
Өтінішті көрсетілетін қызметті берушіде баланың анасы қағаз түрінде береді. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері туу туралы медициналық куәлікте және өтініште көрсетілген мәліметтерді салыстырады, одан кейін тууды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті өтініш журналында тіркейді.
Мәліметтер сәйкес келген жағдайда өтініш берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде баланың туу туралы куәлігі беріледі.
Егер анасының өтінішінде көрсетілген мәліметтер туу туралы медициналық куәлікте көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмесе, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
- Екі және одан көп баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде олардың әрқайсысына электрондық түрде туу туралы медициналық куәліктер беріледі, олардың негізінде бір-бірінен кейінгі туу туралы жеке жазбалар жасалады және балаларға жеке туу туралы куәліктер беріледі.
- Бір жасқа дейінгі баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасы ағымдағы тууды тіркеу кітабында жүргізіледі.
- Бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган осы Қағидаларға 6-қосымшағасәйкес нысан бойынша бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының (бұдан әрі-қорытынды) негізінде жүргізеді.
- Бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін тууды тіркеу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген қажетті құжаттар тізбесі негізінде өтініш жасаған кезде, тіркеудің мерзімі өткені туралы материал жасалады, тіркеуші органның басшысы бір данада қорытынды бекітеді, ол тіркеуші органда сақталады, содан кейін "қалпына келтірілген" санатында туу туралы акт жазбасы тіркеледі және баланың туу туралы куәлігі беріледі.
Осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде туу туралы куәлік қалпына келтірілгеннен кейін, Қазақстан Республикасында туу тіркеу жасалғаны туралы хабарлама бастапқы туу туралы куәлік берілген жердегі тіркеуші органға жіберіледі (Қазақстаннан тыс жердегі тіркеуші органдарында алғашқы тууы тіркелген жағдайда).
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу үшін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 7-қосымшағасәйкес тууды тіркеу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш береді.
- Егер азаматтық хал акт жазбасы жоғалған жағдайда, онда атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу Кодексте белгіленген тәртіппен ол қалпына келтірілгеннен кейін ғана жүргізіледі.
- Егер атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішпен бір мезгілде ұсынылған құжаттарда және азаматтық хал акт жазбаларының көшірмелерінде мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда, мұндай сәйкессіздіктер Кодексте белгіленген тәртіппен жойылады.
- Көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректері азаматтық хал акт жазбасында көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмеген не АХАЖ АЖ-де азаматтық хал акт жазбасы болмаған кезде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуге жол берілмейді.
Мұндай жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы азаматтық хал акт жазбасын қалпына келтіру, өзгерістер, толықтырулар немесе түзетулер енгізу туралы тиісті өтінішпен жүгінеді.
- Азаматтық хал актісі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген жағдайда тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы мәселені дұрыс шешу және өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу үшін азаматтық хал акт жазбаларының көшірмелерін талап ету қажет.
- Ұсынылған құжаттардың, сондай-ақ тексеру нәтижелерінің негізінде өтінішті қабылдаған тіркеуші орган атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудың негізділігі баяндалатын көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшағасәйкес нысан бойынша қорытынды жасайды.
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытынды бір данада жасалады, тіркеуші органның елтаңбалы мөрімен және лауазымды адамының қолымен бекітіледі.
- Атын, әкесінің атын, тегін өзгертуге байланысты өзгертуге жататын мәліметтер тиісті туу туралы акт жазбаларында атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытындының негізінде енгізіледі және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды растау үшін тиісті туу туралы куәлік беріледі.
- Тіркеуші орган атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру бойынша АХАЖ АЖ-ға туу туралы акт жазбасына (қажет болған жағдайда) тиісті өзгерістер енгізеді, туу туралы куәлікті қалыптастырады және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгерістер енгізу үшін туу туралы акт жазбасының орналасқан жері бойынша тіркеуші органға (бірінші (қажет болған жағдайда) және/немесе екінші данасына) хабарлама жібереді.
- Туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізу хабарлама түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүргізіледі.
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстырғаннан және растайтын құжаттарды (туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізілген жағдайда - туу туралы куәлік) алғаннан кейін азамат бір ай мерзімінде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруы қажет.
- Әке (ана) болуды анықтау кезінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу үшін көрсетілетін қызметті алушы туу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып:
баланың ата-анасы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес бірлескен өтініші негізінде қалауы бойынша кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде әке (ана) болуды анықтау туралы;
өзін баланың әкесі деп таныған тұлға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қалауы бойынша кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған, анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылған, анасы әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасы ата-ана құқықтарынан айырылған не оның ата-ана құқықтары шектелген, анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда әке (ана) болуды анықтау туралы;
баланың анасы немесе басқа да мүдделі тұлғалар осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес қалауы бойынша кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде соттың әке болуды анықтау, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы шешімі бойынша өтінішпен жүгінеді.
- Егер өтініш беруші сотпен әрекетке қабілетсіз деп таныған адам, сондай-ақ осы әрекетке қабілетсіз адамның қорғаншысы болып табылса, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізуден бас тартылады.
- Егер баланың тууы туралы акт жазбасында белгілі бір адам әке болып көрсетілсе, сондай-ақ ұсынылған құжаттар Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе, тіркеуші орган әке (ана) анықталған кезде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізуден бас тартады.
Бұл жағдайда тіркеуші орган баланың туу туралы акт жазбасы бойынша әкесі туралы бұрын енгізілген мәліметтердің негіздемесін тексеру:
1) егер әке болу белгіленетін баланың анасы тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрса;
2) егер баланың анасы тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмаған болса, ал туу туралы куәлікте тегі анасының тегіне сәйкес келмейтін баланың әкесі көрсетілсе, жүргізіледі.
- Егер туу туралы акт жазбасы басқа тіркеуші органда болса, ол АХАЖ АЖ-нен басып шығарылады. Туу туралы куәлікте және АХАЖ АЖ-да көрсетілген деректер сәйкес келмеген жағдайда, жеткілікті негіздер бар болса, туу туралы акт жазбасына түзетулер енгізіледі.
- Егер тууды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркеуші органда жүргізілсе, Қазақстан Республикасы ратификациялаған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы конвенцияларға және басқа да халықаралық шарттарға сәйкес не Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы пошта байланысы арқылы акт жазбасының көшірмесіне тиісті сұрау салу жіберіледі.
Туу туралы акт жазбасының көшірмесі талап етілгені туралы өтініш берушілерге (өтініш берушіге) хабарланады. Туу туралы акт жазбасының көшірмесі келіп түскеннен кейін әке (ана) болуды анықтау туралы өтініш негізінде әке (ана) болуды анықтау күні тағайындалады.
- Тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу үшін әке (ана) болуды анықтау туралы өтінішке баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (баланың тууын мемлекеттік тіркеуге және әке болуды анықтау туралы өтінішті бір мезгілде беруді қоспағанда) қоса беріледі.
- Егер шетелдік тіркеуші органдарда тіркелуіне қарамастан, ата-анасының немесе олардың біреуінің қалауы бойынша кәмелетке толмаған баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының тіркеуші органында жүргізілсе, әке (ана) болуды анықтау туралы өтініш келіп түскен кезде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына Қазақстан Республикасынан тыс жердегі тіркеуші органда сұрау салусыз өзгерістер, толықтырулар енгізілуі мүмкін.
- Өтінішті және қоса берілген құжаттарды (қажет болған жағдайда) толық толтыру фактісі анықталған жағдайда құжаттарды өңдеуге жауапты лауазымды тұлға өтінішті және қоса берілген құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылданған өтінішті тіркейді, деректерді АХАЖ АЖ-не енгізеді.
- Тууды және әке (ана) болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу үшін өтініш бір мезгілде берілген кезде азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде анасының тегі бойынша баланың тууы туралы акт жазбасы тіркеледі, одан кейін өзгерістер, толықтырулар енгізіледі, туу туралы акт жазбалары екі данада басып шығарылады, туу туралы куәлік қалыптастырылады.
- Егер әке (ана) болуды анықтау туралы өтініш келіп түскен кезде баланың тууын мемлекеттік тіркелген болса, әке (ана) болуды анықтау туралы келіп түскен өтініш негізінде тіркеуші орган сол күні баланың туу туралы акт жазбасына әкесі туралы мәліметтерді және осыған байланысты өзгерістерді, толықтыруларды енгізеді және туу туралы қайталама куәлік береді.
- Өзгерістер, толықтырулар енгізілгеннен кейін тууды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органға (егер тууды мемлекеттік тіркеу басқа тіркеуші органда жүргізілсе), облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әділет органына туу туралы акт жазбасына тиісті өзгерістер енгізу үшін хабарлама жіберіледі.
- Алынған хабарламаның негізінде қағаз түріндегі туу туралы акт жазбасына қажетті өзгерістер, толықтырулар енгізіледі.
- Әке болуды анықтау тиісті соттың шешімімен күші жойылған жағдайда тіркеуші орган әкесі және баланың тиісті деректері туралы мәліметтердің (тегі әкесінің тегі бойынша немесе әкесінің (атасының) аты бойынша, сондай-ақ әкесінің атын әкесінің аты бойынша) күшін жояды.
- Әке болуды анықтау туралы бұрын шығарылған сот шешімінің күшін жою туралы сот ұйғарымын (қаулысын), сондай-ақ әке болуды анықтау туралы акт жазбасының күшін жою туралы, жазбаны жарамсыз деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімін алған кезде әке болуды анықтау туралы акт жазбасы (бар болған кезде), не туу туралы акт жазбасындағы әке болуды анықтау туралы арыз негізінде енгізілген әкесі туралы мәліметтер, баланың тегі мен/немесе әкесінің аты (егер өзгертілген болса) сызылып тасталады, оның беткі жоғарғы жағында: "Әкесі туралы жазба жойылған", ал "Белгілер үшін" бағанында шешімді қашан және қандай соттың шығарғаны туралы белгі қойылады.
- Әке болуды анықтау туралы акт жазбасы (бар болса) немесе әке болуды анықтау туралы өтініш негізінде туу туралы акт жазбасына енгізілген әкесі туралы мәліметтер, баланың тегі және/немесе әкесінің аты (егер өзгертілген болса) жойылғаннан кейін, баланың бастапқы деректерін қалпына келтіру жүргізіледі (баланың тегі, егер әке болуды анықтауға байланысты өзгертілген болса, сондай-ақ оның әкесінің аты және әкесі туралы мәліметтер өзгертіледі).
- Әке болуды анықтау туралы акт жазбасының (бар болған кезде) не әке болуды анықтау туралы өтініш негізінде енгізілген туу туралы акт жазбасындағы әкесі, тегі және/немесе әкесінің аты (егер өзгертілген болса) туралы мәліметтердің күші жойылғаны туралы, баланың бастапқы деректерін қалпына келтіргені туралы тіркеуші орган тууды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органға (егер тууды мемлекеттік тіркеу басқа тіркеуші органда жүргізілсе), облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әділет органына хабарлайды, олар осындай тәртіппен мұрағаттық жазбаларды немесе мәліметтерді жоюды жүргізеді.
- Әке болуды анықтау туралы мәліметтер жойылған кезде тіркеуші орган қажет болған жағдайда баланың анасына Кодекстің 181-бабының 2-тармағынасәйкес бекітілетін нысан бойынша туу туралы анықтама береді.
- АХАЖ АЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыруы болған жағдайда ақпарат электрондық форматта беріледі.
- Ұл (қыз) асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу үшін өтініш беруші кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде туу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 12-қосымшағасәйкес өтініш береді.
- Ұл (қыз) асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу туралы өтінішті алған кезде лауазымды адам өтініш нысанының және оған қоса берілетін құжаттардың дұрыс толтырылуына, сондай-ақ баланың туу туралы акт жазбасының болуына тексеру жүргізеді.
- Ұл (қыз) асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізу баланың тууын тіркегеннен немесе жоғалған туу туралы акт жазбасын қалпына келтіргеннен кейін ғана жүргізіледі.
Жоғалған жазбаны қалпына келтіру туралы өтінішпен тіркеуші органға баланы асырап алған адамдар, ата-ана (егер сот шешімі бойынша балаға қатысты оның құқықтары мен міндеттері сақталса), қорғаншы және қамқоршы орган, он алты жасқа толған асырап алынған адамның өзі, сондай-ақ бала тәрбиесінде жүрген тұлғалар мен мекемелер жүгінеді.
- Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша лауазымды тұлға деректерді АХАЖ АЖ-не 1 (бір) жұмыс күні ішінде енгізеді.
- Асырап алынған баланың аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген кезде), тегі, сондай-ақ оның ата-аналары туралы деректер бала асырап алу туралы сот шешіміне сәйкес енгізіледі.
- Егер асырап алынған бала (қыз) туралы немесе бала асырап алушылар туралы мәліметтер олардың жеке басын куәландыратын құжаттарында, баланың туу туралы куәлігінде және бала асырап алу туралы сот шешімінде көрсетілген мәліметтер бір-біріне сәйкес келмесе, тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына бала асырап алуға байланысты өзгерістер, толықтырулар енгізу осы мәліметтер нақтыланғанға дейін кейінге қалдырылады.
- Егер ұл (қыз) асырап алу туралы сот шешімінде асырап алынған баланың атын, әкесінің атын, тегін, туған жері мен туған күнін өзгерту және бала асырап алушылардың ата-анасы ретінде енгізу туралы көрсетілмесе, онда асырап алынған баланың туу туралы акт жазбасына соттың тиісті шешімі туралы мәліметтер енгізіледі.
Егер ұл (қыз) асырап алу туралы сот шешімі бойынша дербес деректер, баланың туған күні және/немесе жері өзгерсе, онда туу туралы акт жазбасы қалпына келтіріледі және жаңа ЖСН қалыптастырылады.
- Егер асырап алынған ұлдың (қыздың) ата-анасы ретінде сот шешімі бойынша бала асырап алушылар жазылса, алайда баланың дербес деректері өзгертілмесе, онда баланың туу туралы куәлігін беру кезінде ата-аналар бағанындағы мәліметтер ғана өзгертіледі.
- Бала асырап алушы әйел (ер адам) ғана болған жағдайда және ұл (қыз) асырап алу туралы сот шешімінде баланың әкесінде (анасында) осы балаға қатысты құқықтар мен міндеттер сақталатыны көрсетілген жағдайда, туу туралы акт жазбасына әкесі (анасы) туралы мәліметтер бастапқы акт жазбасына сәйкес енгізіледі.
- Егер баланың әкесінде оның құқықтары мен міндеттері сақталмаса не туу туралы акт жазбасындағы әкесі туралы мәліметтер болмаса, онда бала асырап алушының жазбаша өтініші бойынша әкесі туралы мәліметтерді тіркеуші орган Кодекстің 192-бабы 4-тармағы 2) тармақшасында көзделген тәртіппен көрсетеді.
- Баланың анасында оның құқықтары мен міндеттері сақталмаған немесе анасы туралы бастапқы мәлімет баланың туу туралы куәлігіне енгізілген жағдайда, онда ол мәліметтерді тіркеуші орган соттың шешіміне сәйкес баланың әкесі деп жазылған ұл (қыз) бала асырап алушы ер адамның жазбаша өтініші бойынша қалпына келтірілген акті жазбасына енгізеді. Мұндай жағдайларда анасының тегі ұл (қыз) бала асырап алушы ер адамның тегі бойынша, ал оның есімі, әкесінің есімі және ұлты қорытынды жасамай-ақ оның көрсетуі бойынша жазылады.
- Тіркеуші орган тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмаған баланың анасы ретінде жазылған әйелдің баланы асырап алуына байланысты өзгерістер, толықтырулар енгізу кезінде Кодекстің 181-бабының 2-тармағынасәйкес бекітілетін туу туралы анықтаманы жазбаша нысанда не электрондық түрде береді.
- Қалпына келтірілген туу туралы акт жазбасының "Белгілер үшін" бағанында бала асырап алу туралы сот шешімі (соттың атауы, сот шешімінің шығарылған және заңды күшіне енген күні) көрсетіледі.
- Бала асырап алушыларға асырап алынған ұл (қыз) баланың туу туралы жаңа куәлігі беріледі, ал бұрынғы куәліктің күші жойылады.
- Сот бала асырап алу туралы бұрын шығарылған шешімге қосымша жаңа қосымша шешім шығарған жағдайда, оған сәйкес бала асырап алушылар асырап алынған баланың ата-анасы ретінде жазылады не баланың аты, әкесінің аты, тегі, оның туған күні мен жері өзгертіледі, тіркеуші орган бұрын жасалған асырап алынған баланың туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізеді.
- Бала асырап алуды жарамсыз деп тану, сондай-ақ бала асырап алудың күшін жою тек сот тәртібімен жүргізіледі.
- Тіркеуші органға бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі келіп түскен кезде туу туралы актінің қалпына келтірілген жазбасы бұл туралы "Жазба жойылды" деген белгі қою арқылы жойылады.
- Ұл (қыз) асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда тіркеуші орган баланың бастапқы ЖСН-ді Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдайды.