4-тарау. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік тіркеу, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу тәртібі
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 17-қосымшағасәйкес "Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - некені(ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің) келтірілген.
- Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік даулар мен өзге де талаптары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер осы Қағидаларға 18-қосымшағасәйкес кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш береді.
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініште ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзідерінің өзара келісімін және кәмелетке толмаған балалардың жоқтығын растайды. Деректер сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасындағы ерлі-зайыптылардың қолдарымен расталады.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кезде жүргізеді.
Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып есептеледі. Айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғысы келетін ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін белгіленген күні жеке басын куәландыратын құжатпен немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен тіркеуші органға келуі қажет. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша лауазымды тұлға деректерді АХАЖ АЖ-не өтініш берілген күннен бастап 1 (бір) ай өткеннен кейін ерлі-зайыптылардың екеуінің қатысуымен енгізеді.
Егер ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өздеріне белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, олар тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алады, ол некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін қайтадан айлық мерзімді тағайындайды.
Егер ерлі-зайыптылардың бірі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы арызды сол тіркеуші органға қайта бергеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға келе алмаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ол болмаған кезде оның некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға нотариат куәландырған келісімі болған жағдайда жүргізіледі.
Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 26.04.2023 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Егер арыз берілген кезде ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары, олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылатын мүлікті бөлу туралы, еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайына асырауды төлеу туралы дау және ерлі-зайыптылар бір-біріне өзге де талаптар болса некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін сотқа жүгінеді.
- Егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің әрекеттерімен не әрекетсіздігімен қарсылығының болмауына қарамастан, тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса (тиісті өтініш беруден бас тартса немесе оны тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін келгісі келмесе және бұл ретте некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы өтініш жасамаса) некені бұзу сот тәртібімен жүргізіледі.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін жұбайы келмеген кезде тіркеуші орган сотқа ұсыну үшін анықтама береді.
- Жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің, қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 19-қосымшағасәйкес кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш береді.
- Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шығарылған, консулдық заңдастырылуы не арнайы мөртабаны (апостиль) бар (Минск және Кишинев Конвенциясына кіретін елдер үшін талап етілмейді) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне енген сот шешімімен жүгінген жағдайда неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы акт жазбасына некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгі қойылады.
- Егер ерлі-зайыптылардың біріне қатысты некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу жүргізілген жағдайда, екінші жұбайдан келіп түскен өтініш тіркеледі, акт жазбасы жетіспейтін мәліметтермен толықтырылады және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік беріледі.
- Хабар-ошарсыз кетті деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адам некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш түскен жағдайда тіркеуші орган өтініш түскен күннен бастап бір апта мерзімде әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысының тұрғылықты жері бойынша немесе сотталған адамның ұстау жері бойынша хабарлама жібереді. Хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысы немесе сотталған некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш бойынша даудың бар не жоқ екендігі туралы жазбаша хабарлайды.
- Тіркеуші орган өтініш берушіге тиісті хабарламаның жіберілгені туралы, сондай-ақ хабарламаға жауап алу үшін белгіленген мерзім туралы хабарлайды.
- Хабарламаға жауап болмаған, дау жоқ екендігі немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан бас тартқаны туралы хабарлама алған кезде, тіркеуші орган өтініш берушінің қатысуымен белгіленген күні некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.
- Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша лауазымды тұлға некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы деректерді АХАЖ АЖ-не өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күн өткен соң енгізеді.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркегеннен кейін тіркеуші орган АХАЖ АЖ-да неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы акт жазбасына некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгі қояды.
- Егер некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу ерлі-зайыптылардың біріне қатысты жүргізілсе, акт жазбасын жасау кезінде оған осы жұбайға қатысты барлық қажетті мәліметтер енгізіледі.
Екінші жұбайға қатысты аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейінгі тегі және оның туған күні, сондай-ақ, егер оның ЖСН бойынша сәйкестендіру жүргізілсе, өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Бұл жағдайда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікте некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейінгі тегі тек некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеген жұбайға ғана беріледі.
- Әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған тұлғаның қорғаншысынан немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғаның қорғаншысынан некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш келіп түскен кезде оның жұбайының (зайыбының) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініші негізіне тіркелген некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасын жетіспейтін мәліметтермен толықтырылады, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік жазылады және қорғаншысына немесе сотталған адамды ұстау орны бойынша мекемеге жіберіледі.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасы болмаған кезде әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған тұлғаның қорғаншысы немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған тұлға некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін сотқа жүгінеді.
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің негізінде 2019 жылғы 10 желтоқсаннан кейін шығарылған (Кодекске өзгерістер енгізілген күн) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасы тіркелмейді, неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы акт жазбасына (егер ол автомоттық түрде қойылмаса) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгі қойылады.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың 2019 жылғы 10 желтоқсанға дейін шығарған шешімінің негізінде кез келген тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасын тіркейді не некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қолданыстағы акт жазбасын толықтырады және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына міндетті түрде белгі қойылады.
- Егер неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы акт жазбасында некені (ерлі-зайыпты болу) бұзу туралы белгі болса, онда неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәліктер берілмейді.
Бұрынғы жұбайының өзінің некеге дейінгі тегін растау үшін тіркеуші орган осы тұлғаның бұрын некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрғанын растайтын, Кодекстің 181-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгісі бар неке (ерлі-зайыпты болу) қию туралы анықтама береді.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруы қажет.
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру кезінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу үшін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш береді.
- Егер азаматтық хал акт жазбасы жоғалған жағдайда, онда атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу Кодекстебелгіленген тәртіппен ол қалпына келтірілгеннен кейін ғана жүргізіледі.
- Егер атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішпен бір мезгілде ұсынылған құжаттарда және азаматтық хал акт жазбаларының көшірмелерінде мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда, мұндай сәйкессіздіктер Кодексте белгіленген тәртіппен жойылады.
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың 2019 жылғы 10 желтоқсаннан кейін шығарған шешімдерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректері азаматтық хал актісінің жазбасында көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмеген не азаматтық хал актісінің АХАЖ АЖ-де жазбасы болмаған кезде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға жол берілмейді.
Мұндай жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы азаматтық хал акт жазбасын қалпына келтіру, өзгерістер, толықтырулар немесе түзетулер енгізу туралы тиісті өтінішпен жүгінеді.
Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 26.04.2023 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Азаматтық хал актісі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген жағдайда тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы мәселені дұрыс шешу және өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу үшін азаматтық хал акт жазбаларының көшірмелерін талап ету қажет.
- Ұсынылған құжаттардың, сондай-ақ тексеру нәтижелерінің негізінде өтінішті қабылдаған тіркеуші орган атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудың негізділігі баяндалатын көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшағасәйкес нысан бойынша қорытынды жасайды.
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытынды бір данада жасалады, тіркеуші органның елтаңбалы мөрімен және лауазымды адамының қолымен бекітіледі.
- Атын, әкесінің атын, тегін өзгертуге байланысты өзгертуге жататын мәліметтер некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытындының негізінде енгізіледі және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды растау үшін тиісті неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік беріледі.
- Тіркеуші орган атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру бойынша АХАЖ АЖ-ға некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына (қажет болған жағдайда) тиісті өзгерістер енгізеді, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті қалыптастырады және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгерістер енгізу үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының орналасқан жері бойынша тіркеуші органға (бірінші (қажет болған жағдайда) және/немесе екінші данасына) хабарлама жібереді.
Ескерту. 122-тармақта орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Әділет министрінің 26.04.2023 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізу хабарлама түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүргізіледі.
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркегеннен және растайтын құжаттарды (некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізілген жағдайда - некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік) алғаннан кейін азамат бір ай мерзімінде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруы қажет.