7-тарау. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою тәртібі
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 26-қосымшағасәйкес "Азаматтық хал актілері жазбаларын жою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - жазбаларды жою туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің) келтірілген.
- Азаматтық хал актісі жазбасының күшін жою үшін көрсетілетін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне не Мемлекеттік корпорацияға жазбаша түрде немесе электрондық түрде портал арқылы осы Қағидаларға 27-қосымшағасәйкес нысан бойынша, жазбалардың күшін жою туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, жазбаны жою туралы өтінішпен жүгінеді.
- Бастапқы, қалпына келтірілген немесе қайта жасалған жазбаны тапқан немесе мүдделі адамдардың азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою туралы өтінішін алған тіркеуші орган акт жазбаларының тиісті көшірмелерін жинайды және бір данада қорытынды жасайды, ол осы Қағидаларға 28-қосымшағасәйкес нысан бойынша тіркеуші органның елтаңбалы мөрімен және лауазымды адамының қолымен бекітіледі.
- Сот шешімі негізінде азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою үшін көрсетілетін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне не Мемлекеттік корпорацияға жазбаша түрде немесе электрондық түрде портал арқылы осы Қағидаларға 29-қосымшағасәйкес нысан бойынша жазбаларды жою туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, жазбаны жою туралы өтінішпен жүгінеді.
- Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жоюды сот шешімі негізінде тіркеуші орган қорытынды жасамай жүргізеді.
- Күші жойылғанға дейін берілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер алынады және жойылады. Куәлік болмаған жағдайда бұл туралы өтініште көрсетіледі.
- Азаматтық хал актісі жазбасының күшін жою туралы өтініші бойынша азаматтық хал актісі тіркелген адамдарға, тіркеуші органға (жазба басқа жерде тіркелсе), сонымен қатар аумақтылығы бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) әділет органына хабарланады.
- Қалпына келтірілген немесе қайта жасалған азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою туралы өтінішті шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне береді.
- Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жоюды, күші жойылуға жататын жазбаның орналасқан жері бойынша тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің тіркеуші органға жіберілетін өтініші бойынша жалпы тәртіппен жүргізеді.
- Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық хал актілері жазбаларын жою Кодекске сәйкес жүргізіледі.