Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі
Мансап орталығына жүгінген кезде мансап орталығы құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні
Проактивтік қызмет көрсетілген кезде – адамның (отбасының) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге келісімін алған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні
кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 18 (он сегіз) жұмыс күні
Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салу ресімдеген жағдайда құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі өтініш берушіге жазбаша хабарлама жібере отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұзартылады
2) мансап орталығында, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут
3) Орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут