«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

3-тарау. Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 13-қосымшағасәйкес "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - неке қию туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) келтірілген.
  2. Неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер осы Қағидаларға 14-қосымшағасәйкес кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, неке қию туралы өтініш береді.

      Неке (ерлі-зайыптылықты) қию туралы өтінішті әрбір өтініш беруші өз қолымен жазбаша түрде толтырады немесе портал арқылы өтініш берген кезде электрондық түрде некеге тұратын адамдар электрондық – цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қояды.

  1. Өтінішті қабылдау кезінде тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) қиюға тілек білдірген адамдарға оны тіркеудің тәртібі мен шарттарын, олардың болашақ ерлі-зайыптылар мен ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін, екі жақты келісім бойынша медициналық тексеру жүргізу құқығы туралы, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың неке (ерлі-зайыптылық) және ол бұзылған жағдайда мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын неке шартын жасасу құқығы туралы түсіндіреді.
  2. Бұрын тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) болған адамдар тіркеуші органға оның тоқтатылғаны туралы белгісі бар алдыңғы неке туралы (тіркелген күні мен орны) мәліметтерді ұсынады.

      Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұруға тілек білдірген адам, алдыңғы некесінде (ерлі-зайыпты болуында) оның тоқтатылғаны туралы тиісті белгісі болмаған жағдайда, тіркеуші органға алдыңғы некенің тоқтатылғаны туралы: Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген (шығарылған) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, жұбайының қайтыс болуы туралы акт жазба жөнінде (тіркелген күні мен орны) немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, некені жарамсыз деп тану, ерлі-зайыптылардың бірінің қайтыс болды деп жариялауы немесе хабарсыз кетті деп тануы туралы заңды күшіне енген сот шешімі жөнінде (шешімнің шығарылған күні мен орны, заңды күшіне енген күні) мәліметті хабарлайды.

      Тіркеуші органның қызметкері тиісті ақпаратты алғаннан кейін неке (ерлі-зайыптылықты) қию, бұзу туралы, жұбайының қайтыс болуы туралы акт жазбаларының бар-жоғына не неке қию туралы акт жазбасында сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгінің бар-жоғына тіркеуші органның мұрағатында тексеру жүргізеді.

      Алдыңғы неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тоқтатылқан немесе бұзылған кезде көрсетілетін қызметті алушы неке қию туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес бұрынғы некені тоқтату немесе бұзу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

  1. Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұруға ниет білдірген адамдардың келісімі бойынша тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу күнін тағайындайды, бұл туралы өтініште, сондай-ақ өтініштерді есепке алу журналында белгі қойылады. Неке (ерлі-зайыптылық) некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген тұлғалардың қатысуымен неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні тіркеледі. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

      Некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) дәлелді себептер (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде тіркеуші органның бастығы неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды мемлекеттік тіркеу мерзімін күнтізбелік он бес күн өткенге дейін қысқартады не бұл мерзiмдi ұзартады, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.

      Жекелеген жағдайларда неке (ерлі-зайыптылық) қиюды мемлекеттік тiркеудi күту мерзiмi неке қиюды (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тiркеуге кедергi келтіретін мән-жайлар болған кезде ғана тіркеуші органның бастамасы бойынша ұзартылуы мүмкiн.

      Күнтізбелік он бес күнді қысқарту туралы немесе ұлғайту туралы рұқсатты тіркеуші органның бастығы, ал ол болмаған кезде оның мiндетiн атқарушы адам неке (ерлі-зайыптылықты) қию туралы өтініште қарар түрінде бередi.

      Ескерту. 82-тармақта орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Әділет министрінің 26.04.2023 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Некеге тұруға ниет білдірген адамдар неке (ерлі-зайыптықты) болуды тіркеудің белгіленген күні жеке басты куәландыратын құжатпен немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен тіркеуші органға келуі қажет.

      Егер некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер дәлелді себептермен белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімі олардың өтініші бойынша басқа уақытқа ауыстырылады. Белгіленген күні некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыратын адамдар не олардың біреуі дәлелсіз себептермен келмеген және некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін ұзарта отырып, өтініш туралы арыз болмаған жағдайда өтініш жойылуға тиіс.

  1. Неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегін басқа жұбайдың тегіне өзгертуге тілек білдірген жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында ортақ тегі ретінде таңдап алынған тегі көрсетіледі.

      Егер жеке басын куәландыратын құжатта жұбайының немесе зайыбының тегі ұлттық дәстүрлерге (ерекшеліктеріне) сәйкес көрсетілсе, неке (ерлі-зайыптылықты) қию туралы акт жазбасында жұбайының (зайыбының) тегі өзгерген кезде әр түрлі ұлт адамдарының тегі оның жынысына және жұбайының (зайыбының) тегінің түбір негізін сақтай отырып, тегін дұрыс жазуға сәйкес айқындалады.

      Неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруы қажет.

      Неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың тегі өзгерген кезде тіркеуші органның қызметкері шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжатты ауыстыру қажеттігі туралы хабардар етеді.

  1. Неке жасына толмаған тұлғалардың некесін (ерлі-зайыптылықтығын) қиюды мемлекеттік тіркеуге тіркеуші органның осы Қағидаларға 15-қосымшағасәйкес нысан бойынша жасалған неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы қорытындысы немесе бас тартуы негізінде жол беріледі.

      Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішті осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттілігін туғызатын себептерді көрсете отырып, ата-аналар не қорғаншылар (қамқоршылар) береді.

      Барлық жағдайларда неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын адамдардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы некеге (ерлі-зайыпты болуға) ата-анасының не қамқоршыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

      Өтінішке неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету себептерін растайтын құжаттар (дәрігерлік-консультациялық комиссияның жүктілік туралы анықтамасы) қоса беріледі. Кәмелетке толмаған тұлғаның (олардың) ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басты куәландыратын құжаттары немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттары жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады.

      Қазақстан Республикасындағы азаматтық хал актілерін тіркеуді растайтын мәліметтері (баланың тууы, әкелікті анықтау туралы, кәмелетке толмаған ата-анасының тууы туралы, кәмелетке толмаған адамдардың ата-анасының неке (ерлі-зайыптылықты) қию/ бұзу туралы) АХАЖ АЖ-да тексеріледі.

  1. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша тіркеуші орган неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы не бас тарту туралы шешім қабылдайды.
  2. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру кезінде неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу үшін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 7-қосымшағасәйкес неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш береді.
  3. Егер азаматтық хал акт жазбасы жоғалған жағдайда, онда атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу Кодексте белгіленген тәртіппен ол қалпына келтірілгеннен кейін ғана жүргізіледі.
  4. Егер атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішпен бір мезгілде ұсынылған құжаттарда және азаматтық хал акт жазбаларының көшірмелерінде мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда, мұндай сәйкессіздіктер Кодексте белгіленген тәртіппен жойылады.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректері азаматтық хал акт жазбасында көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмеген не АХАЖ АЖ-да азаматтық хал акт жазбасы болмаған кезде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуге жол берілмейді.

      Мұндай жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы азаматтық хал акт жазбасын қалпына келтіру, өзгерістер, толықтырулар немесе түзетулер енгізу туралы тиісті өтінішпен жүгінеді.

  1. Азаматтық хал актісі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген жағдайда тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы мәселені дұрыс шешу және өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу үшін азаматтық хал акт жазбаларының көшірмелерін талап ету қажет.
  2. Ұсынылған құжаттардың, сондай-ақ тексеру нәтижелерінің негізінде өтінішті қабылдаған тіркеуші орган атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудың негізділігі баяндалатын көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшағасәйкес нысан бойынша қорытынды жасайды.
  3. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытынды бір данада жасалады, тіркеуші органның елтаңбалы мөрімен және лауазымды адамының қолымен бекітіледі.
  4. Атын, әкесінің атын, тегін өзгертуге байланысты өзгертуге жататын мәліметтер неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы акт жазбасына атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытындының негізінде енгізіледі және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды растау үшін тиісті неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы куәлік беріледі.
  5. Тіркеуші орган атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру бойынша АХАЖ АЖ-ға неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы акт жазбасына (қажет болған жағдайда) тиісті өзгерістер енгізеді, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлікті қалыптастырады және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгерістер енгізу үшін неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы акт жазбасының орналасқан жері бойынша тіркеуші органға (бірінші (қажет болған жағдайда) және/немесе екінші данасына) хабарлама жібереді.

      Ескерту. 95-тармақта орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Әділет министрінің 26.04.2023 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы акт жазбасына өзгерістер енгізу хабарлама түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүргізіледі.
  2. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркегеннен және растайтын құжаттарды (неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы акт жазбасына өзгерістер енгізілген жағдайда - неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы куәлік) алғаннан кейін азамат бір ай мерзімінде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруы қажет.
«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Дата публикации
01 декабря 2023