6-тарау. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру тәртібі
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 22-қосымшағасәйкес "Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - жазбаларды қалпына келтіру туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің) келтірілген.
- Азаматтық хал актісінің жазбасын қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне не Мемлекеттік корпорацияға жазбаша түрде немесе портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 23-қосымшағасәйкес нысан бойынша, жазбаларды қалпына келтіру туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, жазбаны қалпына келтіру туралы өтінішпен жүгінеді.
- Ұсынылған құжаттар мен тексеру нәтижелері негізінде тіркеуші орган осы Қағидаларға 24-қосымшағасәйкес нысан бойынша азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбасын қалпына келтіру туралы немесе одан бас тарту туралы қорытынды жасайды.
Қорытынды бір данада жасалады, елтаңбалы мөрмен және тіркеуші органның лауазымды адамының қолымен бекітіледі.
- Сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілері жазбасын қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне не Мемлекеттік корпорацияға жазбаша түрде немесе портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 25-қосымшағасәйкес нысан бойынша, жазбаларды қалпына келтіру туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, жазбаны қалпына келтіру туралы өтінішпен жүгінеді.
- Азаматтық хал актісін тіркеу фактісі сот тәртібімен анықталған кезде тіркеуші орган сот шешімі негізінде қорытынды жасамай азаматтық хал акт жазбасын тіркеуді жүргізеді.
- Азаматтық хал актілерін қалпына келтіру туралы жазба (туудан басқа) ағымдағы тіркеу кітабында, ал қалпына келтірілген туу туралы жазбаны тіркеу қалпына келтірілген туу туралы актілерді тіркеу кітабында жүргізіледі.
- Азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбаларын қалпына келтіру туралы өтінішті шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне береді.
- Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруді Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің өтініші бойынша кез келген тіркеуші орган жүргізеді.
- Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру Кодекске сәйкес жүргізіледі.
- Тарихи отанына қайтып оралған адамдарға қатысты туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру жеткілікті негіздер болған кезде және осы фактіні құжаттамалық растау (акт жазбасының жоқтығы (жоғалғаны) туралы анықтама немесе хабарлама) немесе ішкі істер органдарының осы адамдардың Қазақстан Республикасына заңды келуі туралы растауы және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын беру туралы өтініші болған кезде ғана жүргізіледі.