«Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекеме туралы
Ереже
9 Осы Ереже «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Егер «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттін кірісіне жіберіледі.
1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау мен нығайту жөніндегі саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, қауіпсіздігін, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясатың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және ауылдық округтің әлеуметтік және экономикалық процестерін басқару;
3) қоғамдық келісімнің конституциялық принциптерін және саяси тұрақтылықты жүзеге асыру, демократиялық әдісінде мемлекеттің өміріндегі ең маңызды мәселерін шешу;
4) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, азаматтардың ой өрісін жоғарлату және еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде азаматтық позициясын белсендіру;
5) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдармен өзара іс қимыл жасау;
1) аппараттың жұмысын, отырыстар, семинарлар мен басқа да іс-шаралар өткізуді жоспарлайды, оларды дайындау мен өткізуін ұйымдастырады;
2) ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобасын даярлайды;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің, ауылдық округі әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындауға бақылау жасайды;
4) анықталған бұзушылықтарды, заңдарды сақтамауды болдырмау жөніндегі шараларды қабылдайды;
5) әкім шығарған актілерді тіркеуден өткізеді;
6) әкімінің актілерін тиісті рәсімдеу мен таратуын қамтамасыз етеді;
7) жоспарларға сәйкес ауылдық округі әкімінің аппаратында іс жүргізуді ұйымдастырады;
8) қызметтік құжаттарды және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
9) жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды ұйымдастырады;
10) мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға бағытталған шараларды қабылдайды;
11) жұмыстың тәсілі мен әдісін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды өндіру жөніндегі жұмысты өткізеді;
12) ауылдық округі әкімінің жанындағы консультативті- кеңестік органдарының қызметін қамтамасыз етеді;
13) қолданыстағы заңдарға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
14) жеке және заңды тұлғаларға көрсететін мемлекеттік қызметтер Тізіміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.
1) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда әкім аппаратын білдіреді;
2) аппаратың жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді;
3) ауылдық округі әкімінің аппараты туралы Ережені, аппаратың құрылымы мен штат саны жөніндегі ұсынысты әзірлейді және оларды әкімінің бекітуіне енгізеді аудан әкіміне ауылдық округі әкімі аппаратары үшін белгіленген еңбектің төлемақысы қорының шегінде мемлекеттік қызметкерлерге (марапаттау) үстеме ақы, материалдық ынталандыру жөніндегі үсыныстар енгізеді.
4) ауылдық округі әкімі аппаратының еңбек ішкі тәртібін белгілейді;
5) аппарат қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы және еңбек туралы заңдарына сәйкес аппарат қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
7) ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет туралы заңның орындалуын қадағалайды;
8) шешімдер мен өкімдерді шығарады;
9) қолданыстағы заңдарға сәйкес кадрлар жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
10) өзінің құзырет шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
11) ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерін іс-сапарға жібереді;
12) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын жүзеге асырады;
13) нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламаларды және басқа да құжаттарды әзірлеу үшін жұмыс тобын ұйымдастырады;
14) аппарат қызметкерлеріне орындалуы міндетті ңұсқаулар береді;
15) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
16) мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізетін жұмысты жүзегі асыру бойынша әкім дербес жауапты болады.
«Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай –ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.