Қостанай облысы Федоров ауданы
Қосарал ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынының
ХАТТАМАСЫ
Кеңарал ауылы 2025 жылғы 10 қазан
Демалыс орталығы сағат 15.00
Төрағалық етеді: А.Ж. Байкадамова - Қосарал ауылдық округінің әкімі.
Жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілдерінен 5 адам таңдалды.
Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық өкілдері 5 адам.
Жергілікті қоғамдастық жиналысының хатшысын сайлау
(Олейник)
Сөз сөйледі:
С.М. Олейник – Кеңарал НМ директоры. Жиналыстың хаттамасын ресімдеу үшін бізге жиналыстың хатшысын сайлауымыз қажет. Ашық дауыспен жиналыстың хатшысы етіп Идия Янбаевна Яхинаны сайлауды ұсынамын.
Жергілікті қоғамдастық жиынының хатшысы болып Идия Янбаевна Яхинаны сайлау туралы ұсыныс келіп түсті, дауыс берді «Қолдады» – 4, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ашық дауыспен жергілікті қоғамдастық жинының хатшысы болып Идия Янбаевна Яхина сайлансын.
Күн тәртібін бекіту._________________________________________________
(Байкадамова)
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
А.Ж. Байкадамова – жиынның төрайымы. Бүгінгі жиында келесі күн тәртібін ұсынамын:
Ұсынылған күн тәртібіне дауыс берді: «Қолдады» – 5, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Күн тәртібі бекітілсін.
______________________________________________________________
(Петрышова)
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
В.М. Петрышова - «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман-бухгалтері.
Қосарал ауылдық округінің 2025 - 2027 жылдарға арналған бекітілген бюджетіне өзгерістер енгізуді ұсынамын, оның ішінде:
2025 жылғы үшінші тоқсандағы салықтардың нақты түсуіне байланысты салықтарды түзету жүргізілсін және БСК 206109 «Жергілікті бюджетке басқа салықтық емес түсімдер» 303700 теңге сомасы ұлғайтсын, БСК 104302 «Жер салығы» 1300 теңге сомасы ұлғайтсын, осы салықтар бойынша жоспарды асыра орындау сомасы қалыптасты және мынадай салықтар азайтылсын:
2) 124001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасын, 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасын техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша бюджет қаражатының қалыптасқан үнемделуіне байланысты 8400 теңге сомасына азайтылсын;
3) 124011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу бойынша бюджет қаражатын үнемдеу есебінен 662500 теңге сомада азайтылсын;
4) 124013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы ауыл ішіндегі жолдарды қысқы күтіп ұстау бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүргізу бойынша бюджет қаражатын үнемдеу есебінен 20900 теңге сомада азайтылсын;
5) 124001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасын, 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы -683400 теңге сомада ұлғайтылсын, оның ішінде :
1.Әкімшілік ғимарат пен автогараж бокстарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар - 661400 теңге;
2.Антивирустық бағдарламаны ұзарту бойынша қызмет - 22000 теңге.
Дауыс берді: «Қолдады» – 5, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Төрайым А.Байкадамова
Хатшы И.Яхина
2025 жылғы 10 қазандағы
жергілікті қоғамдастық
жиналысының хаттамасына
қосымша
Жергілікті қоғамдастық жиналысы өкілдерінің тізімі