Қостанай облысы Федоров ауданы
Қосарал ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынының
ХАТТАМАСЫ
Кеңарал ауылы 2025 жылғы 06 ақпан
Демалыс орталығы сағат 15.00
Төрағалық етеді: А.Ж. Байкадамова - Қосарал ауылдық округінің әкімі.
Жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілдерінен 5 адам таңдалды.
Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық өкілдері 5 адам.
Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау
(С.М. Олейник)
Сөз сөйледі:
С.М. Олейник – Кеңарал НМ директоры. Жиналыстың хаттамасын ресімдеу үшін бізге жиналыстың хатшысын сайлауымыз қажет. Ашық дауыспен жиналыстың хатшысы етіп Идия Янбаевна Яхинаны сайлауды ұсынамын.
Жергілікті қоғамдастық жиынының хатшысы болып Идия Янбаевна Яхинаны сайлау туралы ұсыныс келіп түсті, дауыс берді «Қолдады» – 4, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ашық дауыспен жергілікті қоғамдастық жиналыстың хатшысы болып Идия Янбаевна Яхина сайлансын.
Күн тәртібін бекіту._________________________________________________
(Байкадамова)
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
А.Ж. Байкадамова – жиынның төрайымы. Бүгінгі жиында келесі күн тәртібін ұсынамын:
- Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің 2025 жылға арналған бекітілген бюджетіне өзгерістер енгізу туралы.
Ұсынылған күн тәртібіне дауыс берді: «Қолдады» – 5, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Күн тәртібі бекітілсін.
- Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің 2025 жылға арналған бекітілген бюджетіне өзгерістер енгізу туралы. ______________________________________________________________
(Байкадамова)
СӨЗ СӨЙЛЕДІ:
В.М. Петрышова - «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман-бухгалтері.
Қосарал ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бекітілген бюджетіне 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құрылған тиісті бюджеттің шығыс бөлігін ұлғайту бөлігінде 2864734 теңге сомада өзгерістер енгізуді ұсынамын. Бюджет қаражатының бос қалдығын бөлу және бюджет қаражатының жұмсалуын шығындардың мынадай түрлеріне бағыттау қажет:
- 124001015152 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 2025 жылға арналған ӘӨБТ ұялы байланыс арқылы деректерді жабық беру қызметтеріне ақы төлеу үшін барлығы - 66200 теңге;
- 124001015159 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша LADA -21214 автокөлік құралын ағымдағы жөндеу жұмыстары 250000 теңге сомада;
- 124001015159 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша сомасы – 23000 теңгеге баннерлер дайындау жөніндегі жұмыстар;
- 124001015159 «Қаладағы аудан , аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша коммуналдық меншікке берілген Кеңарал ауылы мен Жыланды ауылы ҚТҚ полигондарының жер-кадастрлық жұмыстары және жер учаскелерінің бағалау құны - 625700 теңге ;
- 124011015159 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша Кеңарал ауылында рұқсат етілмеген қоқыс төгетін аумақты жоспарлау және қоқысты тегістеп жинау жұмыстары – 237400 теңге;
- 124011015159 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша Қосарал ауылдық округінің аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар 200000 теңге;
- 124011015149 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша -14000 теңге сомада су тасқыны кезінде пайдалану үшін қапшықтарды (200 дана) сатып алу үшін;
- 124011015149 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша – 93000 теңге сомада бензинді мотопомпаға арналған сорғыш және қысымды қолды сатып алу;
- 124008015159 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 1355334 теңге сомада СИП-4 сымын ауыстыра отырып, Кеңарал ауылында және Қосарал ауылдық округінің Жыланды ауылында көшелерді жарықтандыру бойынша электр монтаждау жұмыстары;
- Жоғары тұрған бюджетке пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару - 100 теңге.
Дауыс берді: «Қолдады» – 5, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің 2025 жылға арналған бекітілген бюджетіне бюджеттің шығыс бөлігін «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша, «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша және «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 2864734 теңге сомада ұлғайту жолымен өзгерістер енгізілсін және Федоров ауданының бюджеттік комиссиясына қарау және бекіту үшін жіберілсін.
Төрайым А.Байкадамова
Хатшы И.Яхина
2025 жылғы 6 ақпандағы
жергілікті қоғамдастық
жиналысының хаттамасына
қосымша
Жергілікті қоғамдастық жиналысы өкілдерінің тізімі
- Исмагулов Канат Ауесханович
- Олейник Светлана Михайловна
- Яхина Идия Янбаевна
- Жабаев Ашимхан Ансаганович
- Омарова Бидагуль Ахметжановна