Қостанай облысы Федоров ауданы
Камышин ауылдық округінің
2025-2027 жылдарға арналған
ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Әзірлеуші: «Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
Жалпы сипаттама:
Камышин ауылдық округі 1928 жылы құрылды, тұрғындар саны - 1522 адам, аудандық орталығынан 35 шақырым жерде орналасқан, округтың аумағы – 11292 га құрайды.
Камышин ауылдық округінің әкімі Бексултанов Болан Жуматаевич осы қызметте 2019 жылғы 11 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді.
Округ қызметінің негізгі бағыты астық өндіру және сату, халықтың жұмыспен қамтылуы жеке қосалқы шаруашылық пен бау-бақша шаруашылығын жүргізу болып табылады.
Чистый Чандак ауылының айналасында 18 км радиуста 1522 адам тұратын 5 елді мекен орналасқан.
Ағымдағы жағдайды талдау:
Камышин ауылдық округінің құрамында Чистый Чандак, Камышный Чандак, Алабутала, Дорожное, Мирное елді мекендері бар.
Ауылдық округ тұрғындарының саны 1522 адамды құрайды, оның ішінде зейнеткерлер – 193, балалар - 345, еңбекке қабілетті халық - 962 адам, жұмыс істейтін халық саны – 960 адам.
Округте 5 ЖШС және 14 шаруа қожалықтары, 9 жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді.
Ауылда әлеуметтік сала объектілерінен мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін және бастауыш мектеп жұмыс істейді, 105 оқушы оқиды, екі спорт залы бар. 20 орындық бір шағын орталық бар. Чистый Чандақ ауылындағы жастардың Демалыс орталығы, Алабутала және Мирное ауылындағы ауылдық клуб, екі ауылдық кітапхана, бір медициналық пункт және ФАП бар.
Қызмет көрсету саласында пошта бөлімшесі, ТОБЖ, ұялы байланыс, 8 дүкен, сүт қабылдау пункті жұмыс істейді.
Округтегі жеке қосалқы шаруашылық ІҚМ – 987 басты, жылқылар – 220 басты, қойлар - 1137 басты, шошқалар - 379 басты құрайды.
Камышин ауылдық округінің ағымдағы жағдайын талдау қорытындысы бойынша мынадай жайттарды атап өтуге болады:
- спортпен айналысуға арналған спорт алаңы жоқ;
- кентішілік жолдарды шұңқырлы жөндеу.
Ауылда трансформацияның жеткіліксіз қарқынына байланысты проблемалар бар. Ауыл шаруашылығы саласының салыстырмалы түрде баяу дамуының негізгі себептері: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің табыстылық деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты, ауыл шаруашылығының техникалық-технологиялық жарақтандырылуының төмендігі, инженерлік инфрақұрылымның дамуының әлсіз деңгейі, ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейі мен сапасының төмендігінен туындаған білікті кадрлардың тапшылығы болып табылады.
Сонымен қатар, округтің ауыл шаруашылығы мақсатындағы құнарлы жерлердің болуымен, әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі объектілерінің болуымен көрінетін бәсекелестік артықшылықтары бар. Мал шаруашылығын дамытумен айналысуға мүмкіндік бар.
Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер:
- Чистый Чандак және Алабутала ауылдарының кентішілік жолдарын жөндеу.
|
Зерттемеге арналған негіздеме |
- |
2001 жылы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңы №148, 38-1 және 39-3 баптары; |
|
Бағдарламаның жасаушысы: |
- |
Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты; |
|
Бағдарламаның мақсаты: |
- |
Экономикалық өсудің шоғырлануын ынталандыру және елді мекендерінің ұтымды аумақтық ұйымдарын құру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайларды жасау; |
|
Күтілетін қорытындылар: |
- |
Жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асырғандағы жергілікті тұрғындарының арасында құқықтарды білу және құзыреттілік деңгейін жоғарлату, жергілікті өзін өзі басқару органдардың алдында ағымдағы кезеңге қойылған мақсаттарға жетудің бақылауы, сондай-ақ, жергілікті проблемаларды шешуінде қауымдастықтың рөлі. |
ІІІ. Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
р/с |
Іс-шараның атау |
Аяқтау нысаны |
Қаржыландыру көлемі мың тенге) |
Қаржыландыру көзі |
Іске асыру мерзімі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
I. Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық |
|||||
|
1.1 |
Камышин ауылдық округінде көше жарығын монтаждау |
|
750,0 |
Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен |
Шілде-қараша 2025ж. |
|
1.2 |
Камышин ауылдық округінде көше жарығын монтаждау |
|
504,0 |
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен |
Шілде-қараша 2025ж |
|
1.3 |
Камышин ауылдық округіндегі көше жарығына техникалық қызмет көрсету |
|
896,0 |
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен |
қаңтар-желтоқсан 2025ж. |
|
1.4 |
Электр энергиясы үшін төлем |
|
3938,9 |
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен |
қаңтар-желтоқсан 2025ж. |
|
II. Көлік және коммуникациялар |
|||||
|
1.1 |
Жолдарды қысқы күтіп ұстау (Чистый Чандак – Камышный Чандак ауылының көшелерін қардан тазарту) |
|
750,0 |
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен |
Қаңтар-Наурыз 2025ж. Қараша-Желтоқсан 2025 ж |
|
1.2 |
Жолдарды қысқы күтіп ұстау (Мирное – Дорожное ауылының көшелерін қардан тазарту) |
|
669,6 |
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен |
Қаңтар-Наурыз 2025ж. Қараша-Желтоқсан 2025ж |
|
1.3 |
Алабутала ауылындағы Крайняя көшесі, Чистый Чандак ауылындағы Астана, Новая, Аллейная көшелері жолдарын орташа жөндеу 2025-2026жж |
|
166214,4 |
Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен |
2026ж
|