ЭЦҚ-ны қалай және қай жерде алуға болады?

ЭЦҚ-ны қалай және қай жерде алуға болады?

ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін алуға өтінімді, сіз www.pki.gov.kz сайтында, «ЭЦҚ кілттерін алу» тарауында бере аласыз.

Берілген өтінішті басып шығару және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан Ұлттық куәландыру орталығының Тіркеу орталықтарына 30 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.

Жаңа жеке куәліктер шығарумен қатар, сізде ЭЦҚ пайдаланудың және сақтаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Енді сіздің ЭЦҚ әр уақытта өзіңізбен бірге болады, бұл қосымша қосымша ұтқырлық пен қауіпсізідкті қамтамасыз етеді. ЭЦҚ-ны жеке куәлікке жазып,  кез келген  ҚҚО-да «электрондық үкіметтің» қызметтерін пайдалана аласыз немесе Интернет желісіне қолжетімді кез келген компьютерден жеке куәлікті карт-ридерге қосу қажет. Жеке куәлік жоғалған кезде сіздің ЭЦҚ арнайы PIN-кодпен қорғалғаны жөнінде сенімді бола аласыз (банк картасына ұқсас).

Жаңа үлгідегі жеке куәлікке ЭЦҚ жазуды (электрондық ақпаратты тасығышы бар) Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан Тіркеу орталықтарының операторлары іске асырады.

COVID-19 коронавирусын таратудың ықтимал қайнар көзі ретіндегі қағаз тасымалдаушыларының айналымынан бас тарту үшін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) бармай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қашықтан сәйкестендіру арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәліктерін алуға мүмкіндік беретін жобаның басталғаны туралы хабарлаймыз. ЭЦҚ-ны алу процедурасымен танысу үшін мына сілтемені қарау керек: https://egov.kz/cms/kk/services/pass_onlineecp.

 

ЭЦҚ-ны қалай және қай жерде алуға болады?
Дата публикации
12 мая 2025