Қостанай облысының Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарл

Жалпы сипаттамасы:

         Камышин ауылдық округі 1928 жылы құрылды, 1522 адам тұрғындар санымен аудандық орталығынан 35 шақрым жерде орналасқан, округтың аумағы – 11292 га құрайды.

         Камышин ауылдық округінің әкімі Бексултанов Болан Жуматаевич осы қызметте 2023 жылғы 11 желтоқсаннан жұмыс істейді.

         Округ қызметінің негізгі бағыты дәнділерді өндіру және өткізу болып табылады, тұрғындардың еңбегі жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу және бақша өсіру болып табылады.

         Чистый Чандак ауылының айналасында 18 км радиуста 1522 адам тұратын 5 елді мекен орналасқан.

         Федоров ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізуге себебімен құқық нормаларының кемшіліктері бар (Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 5 бірлескен қаулысы және «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы»  Қостанай облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 456 бірлескен шешімі). Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын ұлғайту. Қазіргі уақытта  «Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы 2014 жылғы 27 ақпандағы № 205   мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы» аудандық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу және тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ағымдағы жағдайдың талдауы:

Камышин ауылдық округінің құрамында Чистый Чандак, Камышный Чандак, Алабутала, Дорожное, Мирное елді мекендері есептелінеді.

         Ауылдық округі тұрғындарының саны 1522 адам, соның ішінде зейнеткерлер – 193, балалар – 345, еңбекке қабілетті тұрғындар – 962 адам, жұмыс істеуші тұрғындар – 760 адам.

         Округта 5 ЖШС  және  8 шаруа қожалығы, 18 жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді.

         Ауылдағы әлеуметтік сала объектілерінен Чистый Чандак ауылында орта және негізгі мектептер жұмыс істейді, 130 оқушы оқиды, 2 спорттық зал бар.   20 және 30 орындарға арналған 2 миницентр бар. Чистый Чандак ауылдағы жастардың Досуг орталығы, Алабутала және Мирное ауылдарда ауылдық клубі, 2 ауылдық кітапханалар, медициналық пункті  және ФАП бар.        

Қызмет көрсету саласында пошта бөлімшесі жұмыс істейді, ВОЛС, ұялы байланыс, 8 дүкен, сүт қабылдау пункті, жиһаз жасау цехы, дәріхана, ТҚС, дәнекерлеу цехы.

         Округтағы жеке қосалқы шаруашылық ІҚМ – 1005 бас, жылқылар – 151 бас, қойлар – 705 бас, шошқалар – 354 бас.

         Камышин ауылдық округінің ағымдағы жағдайы талдауының қорытындысы бойынша келесі сәттерді белгілуге болады:

- ауыл көшелерін ішінара жарықтандыру;

- спортпен айналысу үшін спорт алаңы жоқ;

- кентішілік жолдардың шұңқырларын жөндеу.

Ауылда қайта құрулардың жоғары қарқынына байланысты проблемалар бар.  Ауыл шаруашылығы саласының баяу дамуына қатысты негізгі себептер мыналар болып табылады: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері табыстылығының жеткіліксіз деңгейіне байланысты ауыл шаруашылығының техникалық-технологиялық жабдықталуының төмендігі, инженерлік инфрақұрылым дамуының нашар деңгейі, ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейі мен сапасының төмендігінен туындаған білікті кадрлардың тапшылығы.

Бәрін қоса, округта бәсекелестік артықшылықтар бар, ресей шекарасының жанында орналасқанда байқалынады, ауыл шаруашылық мақсаттағы құнарлы жерлердің бары, тұрғындарды сумен қамтамасыз етуінде, әлеуметтік инфрақұрылым негізгі объектілердің бары.  Малшаруашылығын дамытумен айналысу мүмкіндігі бар.

Қостанай облысының Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарл
Дата публикации
06 февраля 2025