Хаттама

Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық  округінің

жергілікті қоғамдастық жиналысының

ХАТТАМАСЫ

 

Чистый Чандак а.                                  №10                                    2023 жылғы 31 қазан

Досуг орталығы                                                              

 

Қатысқандар: Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері 11 адам (тізімі  қосылған)

Бексултанов Б.Ж. –Камышин ауылдық округінің әкімі;

Кульмухамбетова Б.А.-Камышин ауылдық округінің бас маманы;

Аубакирова А.К. Камышин ауылдық округінің бас маман-бухгалтері;

Жергілікті қоғамдастық  жиналыстың  төрағасы мен хатшысын сайлау.

 

ТЫНДАЛДЫ:

Бексултанов Б.Ж. - жиналысты өткізу үшін  ашық дауыспен бізге  төраға  сайлау қажет. Бүгінгі жиналыстың төрағасын Виктор Александрович Кобертты сайлау ұсынамын. Қандай ұсыныс болады?

 

дауыс берді: Қолдағандар-11; Қарсы -0; Қалыс Қалғандар-0. Қабылданады.

 

 

В.А. Коберт – жиналыстың төрағасы. Жиналыс хаттамасын ресімдеу үшін  бізге хатшы керек, бүгінгі жиналыстың хатшысын «Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман Бахыт Абдусаламовна Кульмухамбетованы сайлау ұсынамын.

дауыс берді: Қолдағандар-11; Қарсы -0; Қалыс Қалғандар-0. Қабылданады.

 

ШЕШТІ:

1.Виктор Александрович Кобертты жергілікті қоғамдастық жиынның төрағасымен ашық дауыспен сайлауға.

  1. Бахыт Абдусаламовна Кульмухамбетованы жергілікті қоғамдастық жиынның хатшысымен ашық дауыспен сайлауға.

дауыс берді: Қолдағандар-11; Қарсы -0; Қалыс Қалғандар-0. Қабылданады.

 

В.А. Коберт – жиналыстың төрағасы. Бүгінгі жиналыстың күн тәртібін бекіту қажет:

Камышин ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасын келісу туралы.

дауыс берді: Қолдағандар-11; Қарсы -0; Қалыс Қалғандар-0. Қабылданады.

 

ШЕШТІ:

Күн тәртібін бекіт

                                                     Күн тәртібі:

  1. Камышин ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасын келісу туралы

 

СӨЗ СӨЙЛЕДІ: Аубакирова Айман Кудайбергеновна-

Жергілікті қоғамдастық жиналысына келісу үшін 2024-2026 жылдарға Камышин ауылдық округі бюджетінің жобасын ұсынамын.

1.Кірістер барлығы-73653,0 мың теңге 2024жылы, 40502,0 мың теңге 2025жылы, 41156,0 мың теңге 2026 жылы:

Салықтық түсімдер-8931,0 мың теңге 2024 ж, 13629,0 мың теңге 2025 ж, 17069,0 мың теңге 2026 ж, оның ішінде:

- жеке тұлғалардың жеке табыс салығы-800,0 мың теңге 2024 ж, 720,0 мың теңге 2025 ж, 800,0 мың теңге 2026 ж;

- жеке тұлғалардан мүлік салығы-132,0 мың теңге 2024 ж, 135,0 мың теңге 2025 ж, 140,0 мың теңге 2026 ж;

- жер салығы-165,0 мың теңге 2024 ж, 123,0 мың теңге 2025 ж, 123,0 мың теңге 2026 ж;

- жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық-2601,0 мың теңге 2024 ж, 2783,0 мың теңге 2025 ж, 2978,0 мың теңге 2026 ж;

- заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық -1100,0 мың теңге 2024 ж, 1089,0 мың теңге 2025 ж, 1166,0 мың теңге 2026 ж.

- Бірыңғай жер салығы-3248,0 мың теңге 2024 ж, 7829,0 мың теңге 2025 ж, 10912,0 мың теңге 2026 ж.

- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем-885,0 мың теңге 2024 ж, 950,0 мың теңге 2025 ж, 950,0 мың теңге 2026 ж.

-мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түскен кірістер – 207,0 мың теңге 2024 ж, 237,0 мың теңге 2025 ж, 254,0 мың теңге 2026 ж.

Трансферттер түсімі-64515,0 мың теңге 2024 ж, 40502,0 мың теңге 2025 ж, 41156,0 мың теңге 2026 ж.

2. 2024-2026 жылдарға арналған бюджет ұсынысының жобасында шығыстар мынадай бағдарламаларға жоспарланады:

001-«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» - 30671,0 мың теңге 2024 ж, 31758,0 мың теңге 2025ж, 32193,0 мың теңге 2026 ж;

008 -«Елді мекендерді жарықтандыру» - 2659,0 мың теңге 2024ж, 3136,0 мың теңге 2025ж, 3355,0 мың теңге 2026 ж;

011-«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» - 11717,0 мың теңге 2024ж, 4108,0 мың теңге 2025ж,  4108,0 мың теңге 2026 ж

013- «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету»- 156,0 мың теңге 2024ж, 1500,0 мың теңге 2025ж, 1500,0 мың теңге 2026 ж.

057- «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру»- 28450,0 мың теңге 2024ж.

 

ШЕШТІ:

1.Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетінің жобасы 2024 жылға 73653,0 мың теңге, 2025 жылға 40502,0 мың теңге, 2026 жылға 41156,0 мың теңге сомасында Федоров ауданының бюджеттік комиссиясымен келісіліп, жіберілсін, қарау және бекіту.

Жоба үшін дауыс берді:

«Қолдағандар-11; «Қарсы» - 0, «Қалғандар»-0. - 0. Бірауыздан  қабылданды.

 

Төрағасы                                                                                          В. Коберт

 

Хатшысы                                                                        Б. Кульмухамбетова

 

 

 

 

 

Хаттама
Дата публикации
15 марта 2024