Қостанай облысының Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

Қостанай облысының Федоров ауданыКамышин ауылдық округінің

2023-2025 жылдарға арналған

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы.

Жалпы сипаттамасы:

         Камышин ауылдық округі 1928 жылы құрылды, 1522 адам тұрғындар санымен аудандық орталығынан 35 шақрым жерде орналасқан, округтың аумағы – 11292 га құрайды.

         Камышин ауылдық округінің әкімі Бексултанов Болан Жуматаевич осы қызметте 2019 жылғы 23 желтоқсаннан жұмыс істейді.

         Округ қызметінің негізгі бағыты дәнділерді өндіру және өткізу болып табылады, тұрғындардың еңбегі жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу және бақша өсіру болып табылады.

         Чистый Чандак ауылының айналасында 18 км радиуста 972 адам тұратын 6 елді мекен орналасқан.

         Федоров ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізуге себебімен құқық нормаларының кемшіліктері бар (Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 5 бірлескен қаулысы және «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы»  Қостанай облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 456 бірлескен шешімі). Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын ұлғайту. Қазіргі уақытта  «Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы 2014 жылғы 27 ақпандағы № 205   мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы» аудандық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу және тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

Қостанай облысының Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы
Дата публикации
14 февраля 2024