2025 жылға жылдық есеп

 

«Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

 2025 жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы

есеп

 

1. Жалпы ережелер.

 

1) Қызмет беруші туралы мәлімет

         1. «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (мәтін бойынша бұдан әрі  - Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты) әкім қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық–техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

          2. Федоров ауылдық округі әкімі аппаратының ведомстволары жоқ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес  жүзеге асырады, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Заңдылыққа сәйкес жүзеге асырылады.

3. Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты ұйымдық –құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде  өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары,  белгіленген үлгідегі   бланкілері,  Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес  қазынашылық органдарында  шоттары болады.

     4. Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты азаматтық –құқықтық қатынастарға  өз атынан түседі.

5. Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты егер заңнамаға сәйкес  осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттін атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Федоров ауылдық округінің әкімі шешімдер мен өкімдерді шығарады.

         7. Федоров ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы  мен штат санының  лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес  бекітіледі.
         8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы,  Федоров ауылы, Красноармейская көшесі, 53-үй,                   e-mail – apparatksfed@gmail,com.

      9.  Мемлекеттік органының толық атауы: «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесі.

      10. Ереже Федоров ауылдық округі әкім аппаратының құрылтай  құжаты  болып табылады.

      11. Федоров ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Федоров ауылдық округі әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен «Федоров ауданы Федоров  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің  функциялары болып табылатын міндеттерді  орындау  тұрғысында  шарттық қатынастарға  түсуге тыйым салынады.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттік қызметтердің сапасы

4

Тегін және (немесе)  ақылы негізінде көрсеткен мемлекеттік қызмет саны

4 – тегін;

0– ақылы;

0 –тегін/ақылы

Қағаз және (немесе) электрондык нысанында мемлекеттік қызмет саны

4– электрондық/

қағаз,

0 – қағаз

Мемлекеттік қызметтерінің бекітілген стандарттар мен регламеттердің саны

1 – стандарт,

4 - қағидалар

3) Ең  талап етілген қызметтер туралы ақпарат:

2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызметтер көрсетілді - 92, (2024 жылдың ұқсас кезеңінде – 64).

Оның ішінде ауылдық округ әкімінің аппараты арқылы–92, (2024 жылдың ұқсас кезеңінде - 66) көрсетілді;

оның ішінде:

   - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 41, (2024 жылғы ұқсас кезеңде – 49)

    - «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 36, (2024 жылдың ұқсас кезеңінде – 13); «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 14,                    (2024 жылдың ұқсас кезеңінде – 2);

      - «Жер учаскесің жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» - 1

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер:

Мемлекеттік қызметтерге тұрғындардың түрлі қол жетімділікті қамтамассыз ету  мақсатында, Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурста «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Ауылдық округі әкімі аппараттармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер» қосымша бетте, «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ  мемлекеттік қызметтердің стандарттар, қызмет берушінің байланыс телефондары, олар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады, жауапты тұлғалар мен мемлекеттік қызметтерді ұсыну тізбелері орналастырылған. 

Әкім аппаратының ғимаратында нормативті-құқықтық актілермен, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттық-анықтамалық мәліметтермен  стендтер ресімделген, сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету   үшін жауапты лаузымды тұлғалар анықталған.

2) Мемлекеттік қызметтер стандартардың жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

     «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы                  15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне мемлекеттік қызметтер стандартардың жобаларын жария талқылауларды өткізуі  кірмейді

3) мемлекеттік қызметтерді көрсету процесіннің ашықтығын қамтамассыз етуге бағытталған                 іс-шаралар (түсіндіру жұмыс, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары)

         2025 жылы әкім аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша 26 түсіндіру                    іс-шараларын өткізді, оның ішінде жиындар -13,

Халықты мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс–шараларымен қамту - 2 290 адам.

 

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет. 

 

1) мемлекеттік қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру  нәтижелері

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі жеңілдетіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде мерзімдер мен әкімшілік кедергілер қысқартылады.

2) мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлер  біліктілігін көтеруге бағытталған шаралар

Мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Құқықтық жалпыға бірдей оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, сондай-ақ мамандар аудандық семинарларға қатысады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғалар саны-0.

Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспары-кестесінің негізінде жүзеге асырылады.

 

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

1) мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтар бойынша қызметалушылардың шағымдар туралы ақпарат

Есепті кезеңде көрсетілетін қызметтерді алушылардан ауылдық округ әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы үшін  ішкі тексерудің   нәтижелері

  Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылауды жүргізген жоқ. 

4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және Мемлекеттік корпорацияға ауыстыру болып табылады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толығымен бағдарлана отырып жалғастырылатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 марта 2026