"Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) Федоров ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ әкім аппараты туралы осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
Юридическое место жительства: Республика Казахстан, Костанайская область, Федоровский район, село Федоровка, улица Красноармейская, дом 53.
7. В ГУ «Аппарат акима Федоровского сельского округа» установлен непрерывный режим работы с 9.00 до 18.30 до 13.00 по юбилейным дням (кроме субботы и среды), с отсрочкой на вечер и самовывозом с 14.30 до <>.<>.