"Таза Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Баннов ауылында "Таза жағалау" экологиялық акциясы өтті. Іс-шара барысында ауданның еріктілер ұйымдары, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ бей-жай қарамайтын тұрғындар Тоқтас көлінің жағалау аймағын тазартуға қатысты. Акция барысында су айдыны аумағында қоқыс жинау, шөп шабу, қоқыс контейнерлерін тазалау жұмыстары жүргізілді.