Отчет
«Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
2025 жылғы 12 айдағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы
есеп
|
1. Жалпы ережелер.
|
||
|
1) Қызмет беруші туралы мәлімет |
1. «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша – Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты) әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Баннов ауылдық округі әкімінің аппаратының ведомстволары жоқ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. 5. Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 6. Баннов ауылдық округінің әкімі шешімдер мен өкімдер шығарады. 7. Баннов ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Баннов ауылы, Гагарин көшесі, 19-үй, e-mail - bannovkafed1@gmail.com. 9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. 10. Ереже Баннов ауылдық округі әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады. 11. Баннов ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Баннов ауылдық округі әкімінің аппаратына «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
13 |
|
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны |
13 |
|
|
Ақысыз және (немесе) ақылы негізде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны |
7 – тегін; 3– ақылы; 3 – ақылы/ тегін
|
|
|
Қағаз және (немесе) электрондык нысанда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны |
10 – электрондық/ қағаз, 3 – электрондық (толық автоматтандырылған) |
|
|
бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары мен стандарттарының саны |
13 |
|
|
3) Ең талап етілген қызметтер туралы ақпарат: |
2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызметтер көрсетілді - 6, (2024 жылдың ұқсас кезеңінде – 1). Оның ішінде ауылдық округ әкімінің аппараты арқылы – 6, (2024 жылдың ұқсас кезеңінде - 1) көрсетілді; оның ішінде: - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 4, (2024 жылғы ұқсас кезеңде-1); - «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» - 2, ( 2024 жылдың ұқсас кезеңінде – 0); |
|
|
2. Қызметтер алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер: |
Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «Ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» қойындысында, «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсетілетін қызметті берушінің стандарттары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, байланыс телефондары, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, жауапты тұлғалар және мемлекеттік қызмет көрсету кестесі туралы орналастырылған, олар арқылы ақпарат алуға болады. Әкім аппаратының ғимаратында нормативтік құқықтық актілермен, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдармен стенд және жинақтау папкасы ресімделді, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты лауазымды тұлғалар анықталды. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат |
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарының жобаларын жария талқылауларды өткізуі кірмейді. |
|
|
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары) |
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысты 48 жиын өткізілді, оған 1174 адам қатысты.
|
|
|
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесін жетілдіру бойынша қызмет
|
||
|
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі жеңілдетіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде мерзімдер мен әкімшілік кедергілер қысқартылады. |
|
|
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету саласында қызметкерлер біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Құқықтық жалпыға бірдей оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, сондай-ақ мамандар аудандық семинарларға қатысады. Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспары-кестесінің негізінде жүзеге асырылады. |
|
|
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау |
||
|
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат |
Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан ауылдық округ әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ және қаралған жоқ. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына ішкі тексерудің нәтижелері |
Федоров ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі, «Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бір ішкі бақылау іс-шарасы жоспарланып, өткізілді. Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. |
|
|
3) Уәкілетті органмен өткізілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына бақылау нәтижелері. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүргізген жоқ.
|
|
|
4) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері. |
Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ. |
|
|
5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру және одан әрі тиімділігінің перспективалары. |
||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және электрондық форматқа көшіру болып табылады. Жалпы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында электрондық үкімет порталы, Е-лицензиялау арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту бойынша оң үрдіс байқалады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс толығымен мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына бағытталған. Ауылдық округтің экономикалық белсенді тұрғындарының ішінен (95%) ЭЦҚ бар, олар жұмыс мерзімі аяқталғаннан кейін жаңартылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы мемлекеттік органның нысаналы индикаторы - электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер пайызын ұлғайту, ауылдық округ тұрғындарының Smart Qostanai қосымшасын және «Onay_kyzmet» сервисін пайдалану туралы хабардар болуын қамтамасыз ету. |
||
о деятельности ГУ «Аппарат акима Банновского сельского округа Федоровского района» по вопросам оказания государственных услуг
за 12 месяцев 2025 года