Ауылдық округтің паспорты

 

Баннов ауылдық округі Федоров ауданының солтүстік бөлігінде, аудан орталығынан 25 км қашықтықта орналасқан. Округ аумағына 2024 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 2128 адам тұратын 4 елді мекен (Баннов, Қарақопа, Цабелевка, Чеховка) кіреді.

Оның ішінде:

Зейнеткерлер - 421 (19,7 %)

Жастар - 795 (37,3 %)

Жұмыс істейтін халық - 849 (39,8 %)

Жұмыссыздар - 8 (0,7 %)

Мүгедектер – 55 (2,5 %)

Мектептер саны – 2 (1 - негізгі орта - 210 оқушы, 1 бастауыш Қарақопа мектебі - 15 оқушы, 1 толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық – 34 бала, 2 толық емес мектеп жанындағы шағын орталық - 23 бала)

 

ТКШ саласындағы ақпарат

Сумен жабдықтау

№

Елді мекен

Халық саны

Сумен жабдықтау түрі

Ескерту

 

1

Баннов

992

Орталықтандырылған

2021 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.

 

2

Қарақопа

307

ПРВ орнатылған

2022 жылы пайдалануға берілді.

 

3

Цабелевка

301

ПРВ орнатылған

2022 жылы пайдалануға берілді.

 

4

Чеховка

528

Орталықтандырылған

2021 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.

 

Барлығы

2128

2 ПРВ

 

 

             

Жолдар

2023 жылы «Ақжан және біз» ЖШС мердігерлік ұйымы Баннов ауылдық округі бойынша ұзындығы 5,5 км 4 көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді.

2023 жылы «АКЛ Авангардт» ЖШС-мен Баннов ауылындағы ұзындығы 1,33 км Парадная көшесі, Пушкин көшесінің автомобиль жолының учаскесіне орташа жөндеуге техникалық құжаттама әзірлеуге шарт жасалды.

 

Көшелер

Баннов ауылдық округінде жалпы ұзындығы 31,68 км 32 көше бар. Оның ішінде асфальт төсеме 18,57 км - 58,7 %, қиыршық таспен төсеме 2,1 км - 6,3%, топырақпен төсеме 11,01 км – 35%.

Баннов ауылдық округінде 2019-2022 ж.ж. кезеңінде жолдарға орташа жөндеу жүргізілген жоқ.

2023 жылы оқушылардың қауіпсіз қозғалысы мақсатында 353,9 мың теңге сомада 15 дана жол белгілері орнатылды.

Қысқы кезеңде елді мекендерде автомобиль жолдарын ұстауға 985,0 мың теңге жұмсалды.

2023 жылы елді мекендердегі автомобиль жолдарын қысқы кезеңде ұстауға 640,3 мың теңге жұмсалды.

2024 жылы «Сумрук Строй Групп» ЖШС-мен Баннов ауылындағы ұзындығы 1,33 км Парадная көшесі, Пушкин көшесінің автомобиль жолының учаскесіне орташа жөндеуге шарт жасалды, жалпы сомасы 89,3 млн. теңге.

«Жана-Жол-2050» ЖШС-мен Баннов ауылындағы Первомайская көшесінің автомобиль жолын ағымдағы жөндеу шарты жасалды, ұзындығы – 0,713 км, жалпы сомасы                   7,3 млн.теңге.

 

Жарықтандыру

Баннов ауылдық округінде ұзындығы 32,0 км 32 көшеден 28,0 км 27 көше жарықтандырылды, бұл жарықтандырудың 88% құрайды.

Соңғы бес жылда келесі жұмыс түрлері жүргізілді:

- 2019 жылы Баннов, Чеховка ауылдарында ұзындығы 2,0 км Победа көшесі мен Цветочная көшесінде 1334,2 мың теңге сомаға 13 шам орнатылды.

- 2020 жылы ұзындығы 1,0 км, Центральная көшесінде 1265,5 мың теңге сомаға 8 шам орната отырып, Қарақопа ауылында көше жарығын монтаждау жұмыстары жүргізілді.

Көше жарығын жаңғырту 1233,3 мың теңге сомаға шамдарды энергия үнемдейтін, жарықдиодты шамдар ауыстырылды.

- 2021 жылы Баннов ауылында жалпы ұзындығы 2,3 км,  Калинин, Павлов, Центральная, Победа көшелерінде 27 шам орната отырып, көше жарығын монтаждау жұмыстары жүргізілді.

- 2022 жылы Баннов ауылдық округінде ұзындығы 6,2 км, жалпы сомасы 9838,0 мың теңгеге 56 шам орнатылды, оның ішінде: Баннов ауылында - 34 шам, ұзындығы 3,7 км, сомасы 5796,0 мың теңге, Чеховка ауылында - 8 шам, ұзындығы 0,95 км, сомасы 1432,0 мың теңге, Қарақопа ауылында - 6 шам, ұзындығы 0,6 км, сомасы 977,3 мың теңге, Цабелевка ауылында - 8 шам, ұзындығы 0,95 км, сомасы 1632,7 мың теңге.

2023 жылы Баннов ауылындағы ұзындығы 0,3 км Габун көшесі бойынша көше жарығы бойынша жұмыстар жүргізілді, сомасы 1,23 млн.теңгеге 5 тірек және 5 шам орнатылды. Шарт «Адал-И» ЖШС жасалды.

2024 жылы ауылда 1,8 млн.теңге сомасына 8 тірек және 8 шам орната отырып, ұзындығы 1,0 км Озерная және Зеленая көшелерін көше жарығы бойынша жұмыстарды электромантаждауға ашық конкурс тәсілімен хабарландыру жарияланды.

 

Ауылдық округтің паспорты
Дата публикации
18 апреля 2024