Ауыл шаруашылығы

Баннов ауылдық округінің жерлерінде 8 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істейді, қала құраушы кәсіпорын «Олжа Алтын-Инвест» ЖШС «Банновка» ӨК («Олжа Алтын Инвест» ЖШС бөлімшесі) болып табылады. Округ бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы 35744,4 га құрайды, оның ішінде егістік 31192 га.

        2023 жылы округ бойынша жалпы егіс алқабы 30956 га құрады, оның ішінде бидай 18059,4 га, сұлы 322,0 га, жасымық 1222 га, с/қоспасы 644 га, қарақұмық 521 га, соя 709 га, зығыр 3847,8 га, күнбағыс 3280 га, рапс 579 га, бұршақ 182 га, арпа 1589,8 га.

 

       «Олжа Алтын-Инвест» ЖШС «Банновка» ӨК бойынша 2023 жылы егіс алқабы 21107 га құрады, оның ішінде бидай 10511 га, жасымық 669 га, д/қоспасы 466 га, қарақұмық 521 га, зығыр 3482 га, күнбағыс 4170 га, соя 709 га, рапс 579 га.

Жедел деректер бойынша «Олжа Алтын-Инвест» ЖШС «Банновка» ӨК орташа өнімділігі 2023 жылы 7 қыркүйектегі жағдай бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар бойынша 20,0 ц/га құрайды.

        «Олжа Алтын-Инвест» ЖШС аудан бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың орташа өнімділігі 2022 жылы  15,1 ц/га, майлы дақылдар 6,3 ц / га құрады.

       

Ауыл шаруашылығы
Дата публикации
18 апреля 2024