Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 наурыздағы берілген тапсырмаларын орындау мақсатында, Қостанай облысында Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіру жобасы іске асырылды және Арқалық-Астана, Арқалық-Алматы, Арқалық –Қостанай маршруттары бойынша тұрақты авиарейстердің жұмыс жасауы басталды. Бұл жобаның маңызды әлеуметтік-экономикалық мәні бар және Торғай өңірінің көліктік қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Теміржол көлігі қызметкерлерінің күнін мерекелеу қарсанында ауқымды қайта жаңғыртудан кейін Рудный қаласының (Железорудная станциясы) жаңартылған теміржол вокзалы ашылды.
Бұл іс-шара тек Рудный қаласы үшін ғана емес, облыс және еліміздің бүкіл көлік саласы үшін ерекше маңызға ие. Осы жоба Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 124 теміржол вокзалын жаңғырту жөніндегі ауқымды мемлекеттік бағдарлама шеңберінде іске асырылды. Бұл жұмыстың басты мақсаты - азаматтардың қажеттіліктерін қамсыздандыратын және жоғары сапа стандарттарына сәйкес келетін заманауи, қауіпсіз және жайлы көлік инфрақұрылымын құру.
1959 жылы салынған Рудный қаласының теміржол вокзалы алпыс жылдан астам кезеңі бойы маңызды көлік нысаны мен қаланың көрнекі белгісінің бірі болып қала береді.
Қайта жаңғырту барысында жолаушылардың қауіпсіздігіне, қол жетімділігі мен жайлылығына ерекше назар аударылды. Ғимаратта заманауи желдету және өрт қауіпсіздігі жүйелері орнатылған, жайлы күту аймақтары құрылған, пандус, тактильді навигация және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы күту бөлмесі жабдықталған. Бұл шешімдердің барлығы әрбір жолаушыны осы жерде қауіпсіз және ыңғайлы сезінуге бағыттайды.
Ағымдағы жылдың 24 маусымында Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің қатысуымен мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша семинар - кеңес өткізілді. Семинар - кеңес барысында ауданаралық, қалалық (ауылдық) қала маңындағы және ауданішілік автобус қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы жасалды. Сондай-ақ, жолаушылар тасымалы, маршруттарды субсидиялау және бюджеттік өтінімдерді жасау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Уәкілетті орган - «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ (110000, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85) келесі бос лауазымға орналасуға қайта конкурс жариялайды:
Қостанай облысы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Қостанай ауданаралық жол-пайдалану кәсіпорны» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы (1 бірлік), 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Дорожников көшесі, 10.
Кәсіпорынның негізгі қызметі: мемлекеттік автомобиль жолдарын қалпында ұстау.
Қызметтік міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға, кәсіпорын Жарғысына сәйкес кәсіпорынды басқару; ағымдағы және болжамдағы мақсатарды орындау бойынша жұмыстарды тиімді ұйымдастыру; кәсіпорынға бекітілген мүлікті сақтау, тиімді және мақсатты пайдалану; мемлекеттік басқару органымен жеткізілетін мемлекеттік тапсырманы орындау; кәсіпорынның шарттық міндеттемелерін орындау; облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының және оларда орналасқан құрылыстардың көлік-пайдалану жай-күйін қалпында сақтау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білімі:
Инженерия және инженерлік іс (Көлік, көліктік техника және технологиялар; Технологиялық машиналар мен құралдар (сала бойынша)).
Сәулет және құрылыс (Сәулет; Құрылыс; Құрылыс материалдарды, бұйымдар мен кұрылымдарды өндіру; Көліктік құрылыс; Инженерлік жүйелер және желілер).
Бизнес және басқару (Экономика; Есеп және аудит; Қаржы; Мемлекеттік және жергілікті басқару; Әлемдік экономика).
Көлік қызметтері (Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, Логистика).
Құқық (Құқықтану; Халықаралық құқық).;
Жұмыс өтілі келесі талаптқае сай болу керек:
Кәсіпорын қызметі саласындағы (жол саласы) басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 118 бұйрығының редакциясында) Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына (әрі қарай - Қағида) сәйкес www.e-qazyna.kz. Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталы арқылы өткізіледі.
Конкурсқа қатысу туралы өтініміді ұсыну мерзімі 2026 жылдың 23 шілдесінен – 31 шілдесі аралығында.
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде жоғарыда көрсетілген Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «Электрондық Үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді. Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.
Бос лауазымға орналасуға үміткерлер үшін әңгімелесу бағдарламасы мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуді қамтиды (ҚР Конституциясы; ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдер); ҚР ӘПРК; ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы; ҚР 2011 жылғы 01 наурыздағы № 413 «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы; ҚР 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 «Автомобиль жолдары туралы» және жол саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілері).
Анықтамалар үшін телефондар: 54-37-24.
ЕлПрезиденті Қ.К.ТоқаевҮкіметпенқоғамныңназарын сыбайлас жемқорлықмәселелерінебірнеше рет аударды.
Осылайша, Президент Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүкіл қоғам болып жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырамыз. Бізге және ұрпағымызға ешкім сырттан келіп жарқын болашақты жасап бермейді».
Түркістан газетіне берген қаңтар айындағы сұхбатында Президент тағы да: Сыбайлас жемқорлықпен барлық деңгейде күресу мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Бұған қатысты ешқандай күмән тумауға тиіс».
2026 жылғы 24 сәуірдеҚостанай қаласында облысәкіміаппаратыныңғимаратындасыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағыбағдарламалыққұжаттыәзірлеутәсілдерінталқылау бойынша дөңгелекүстелөтті.
Ұйымдастырушылар - облысәкімініңаппаратыжәнеҚазақстанРеспубликасыМемлекеттікқызметістеріагенттігініңҚостанайоблысы бойынша департаменті.
Модератор:ҚостанайоблысыәкіміаппаратыныңӘдепжөніндегіуәкіліҚ.Сүйіндіков.
2026жылыҚазақстанРеспубликасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырумерзімініңаяқталуынабайланыстысыбайласжемқорлыққа қарсы іс – қимыл саласындағыуәкілеттіорган - ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттікқызметістеріжөніндегіагенттігіжаңабағдарламалыққұжаттыәзірлеу бойынша жұмысжүргізуде.
Сарапшылардыңидеяларын,ойларыменбастамаларынталқылау,жинаумақсатындаАгенттіктіңаумақтықдепартаментіұсыныстарменұсынымдар әзірлеу мақсатындатүрлісарапшылар топтарымен бірқатардиалог алаңдарын өткізеді.
Қатысушылар: ЖАО Әдеп жөніндегі уәкілдері, комплаенс-қызметтердің өкілдері (онлайн-форматта),ОМОаумақтықбөлімшелерініңӘдепжөніндегі уәкілдері, облыстықбасқармалардыңбасшыларыменжауаптытұлғалары, азаматтықсекторөкілдеріжәнемемлекеттікқызметардагерлері-тәлімгерлер.
Диалог алаңының спикерлері:
АбдрахмановМэлсБейбітұлыҚостанайоблысы бойынша МҚІА департаментібасшысыныңорынбасары.
МоргуновМаксимВалерьевич - ҚостанайқаласыәкіміаппаратыныңӘдепжөніндегі уәкілі.
ПоповаЭлинаНиколаевна - облысәкіміаппаратыныңкадрқызметіжүйесіндеұзақуақыт жұмыс істегенмемлекеттікқызметардагері-тәлімгер.
ДонбаеваГүлнараДалибайқызы - "ҚЫЗМЕТ"мемлекеттік,банкмекемелеріжәнеқоғамдыққызмет көрсету қызметкерлерініңсалалықкәсіподағы"ҚБтөрағасы.
КакимовТалғатБазарбайұлы - "КТЭК" МККкомплаенс-қызметініңбасшысы.
Кистаубаева Карина Мирамовна - "Sweet City" ЖШС заң бөлімінің бастығы.
«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2026 жылғы 27 наурыз сағат 15-00-де Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көш., 85, 3 қабат мекенжайы бойынша Жолаушыларды және багажды тұрақты республикаішіліқ автомобиль тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарлайды. Конкурсқа қатысушылар сілтеме алу үшін алдын ала байланыс мәлеметтерді ұсына отырып, конкурсқа қатысу үшін ZOOM платформасына қосыла алады. Конкурсқа маршруттардың мынадай лоттары ұсынылады:
|
Лот № |
Маршруттың атауы |
Қашық тығы, км |
|
1 |
Қостанай-Большая Чураковка-Қостанай |
63/63 |
Конкурсқа меншік нысанынан тәуелсіз, меншік құқығы немесе басқа заңды негіздемелері бойынша автобустарға, микроавтобустарға ие болған, жолаушыларды және багажды тасымалдауын ұйымдастыруға қабілетті және автобустар мен микроавтобустарға жөндеу мен техникалық қамсыздандыруды жасай алатын әр жеке және заңды тұлғалар қатысуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға үміт білдіргендер конкурстық құжаттама жинағын алуға арналған жазбаша өтінімдерін «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не мына мекенжайы бойынша береді: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85, 3 қабат.
Конкурстық құжаттамаларды алуға арналған өтінімдерді және Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі сағат 18-30-ға дейін 2026 жылдың 06 наурыз.
2026 жылғы 25 ақпанда конкурсты өткізу мәселесі бойынша алдын ала конкурс конференциясы мына мекенжайда өткізіледі: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85, 3 қабат, сағат 15-00-де. Конкурсқа қатысушылар конференцияға қатысу үшін сілтеме алу үшін алдын ала байланыс мәлеметтерді ұсына отырып, ZOOM платформасына қосыла алады.
Конкурс туралы мәліметтер «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ kolikgol.kostanay.gov.kzресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Анықтама алу үшін мына телефонға шағымдануға болады: 543-724.
«Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2026 жылғы 16 ақпан сағат 15-00-де Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көш., 85, 3 қабат мекенжайы бойынша Жолаушыларды және багажды тұрақты республикаішіліқ автомобиль тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарлайды. Конкурсқа қатысушылар сілтеме алу үшін алдын ала байланыс мәлеметтерді ұсына отырып, конкурсқа қатысу үшін ZOOM платформасына қосыла алады. Конкурсқа маршруттардың мынадай лоттары ұсынылады:
|
Лот № |
Маршруттың атауы |
Қашық тығы, км |
Лот № |
Маршруттың атауы |
Қашықтығы, км |
|
Республикаішілік қалааралық маршруттар |
|||||
|
1 |
Қостанай-Большая Чураковка-Қостанай |
63/63 |
2 |
Амангелді-Қостанай-Амангелді |
440/440 |
Конкурсқа меншік нысанынан тәуелсіз, меншік құқығы немесе басқа заңды негіздемелері бойынша автобустарға, микроавтобустарға ие болған, жолаушыларды және багажды тасымалдауын ұйымдастыруға қабілетті және автобустар мен микроавтобустарға жөндеу мен техникалық қамсыздандыруды жасай алатын әр жеке және заңды тұлғалар қатысуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға үміт білдіргендер конкурстық құжаттама жинағын алуға арналған жазбаша өтінімдерін «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не мына мекенжайы бойынша береді: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85, 3 қабат.
Конкурстық құжаттамаларды алуға арналған өтінімдерді және Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі сағат 18-30-ға дейін 2026 жылдың 30 қаңтар.
2026 жылғы 21 қаңтарда конкурсты өткізу мәселесі бойынша алдын ала конкурс конференциясы мына мекенжайда өткізіледі: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85, 3 қабат, сағат 15-00-де. Конкурсқа қатысушылар конференцияға қатысу үшін сілтеме алу үшін алдын ала байланыс мәлеметтерді ұсына отырып, ZOOM платформасына қосыла алады.
Конкурс туралы мәліметтер «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ kolikgol.kostanay.gov.kzресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Анықтама алу үшін мына телефонға шағымдануға болады: 543-724.
2026 жылғы 14 қаңтарда Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармамында Әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Ж. Сюндиковпен кездесу өтті. Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды:
1. Қазақстан Республикасының заңнамасын (ҚР ӘҚБтК, "ҚР мемлекеттік қызметі туралы" ҚРЗ) және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау туралы
2. ММ-де құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, 2025-2027 жылдарға арналған "Адал азамат" идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасын, 2024-2026 жылдарға арналған ҚР - дағы заңсыз ойын бизнесі мен людоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды, қоғамда заң идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру туралы шамамен 2025 - 2030 жылдарға арналған. (жауапты тұлға.)
3. Зайырлы мемлекет қағидатын сақтау туралы. Мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартудың алдын алу.
4. Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметтік көлігін пайдалануды бақылауды ұйымдастыру туралы. (GPS жүйелері, қызметтік көлікті пайдалану РЕГЛАМЕНТІ, т. б.)
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы.
6. Мемлекеттік қызметте жадынамаларды, ұсынымдарды сақтау туралы.
7. Құқықтық оқуды ұйымдастыру туралы.
8. 2025 жылы анонимді сауалнаманың қорытындылары туралы.
9. Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл және волонтерлік бастамаларды дамыту туралы