Меню

Страницы

Статья

Автомобиль жолдары

Автомобиль жолдары – Қостанай облысының көлік-коммуникациялық кешенінің маңызды элементтерінің бірі, оның тиімді жұмысы мен тұрақты дамуы қазіргі жағдайда экономиканы көтеруге көшудің, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мен жағдайларын жақсартудың маңызды факторлары болып табылады.

Қостанай облысының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының желісі республикадағы неғұрлым ұзындарының бірі және 7 876 км құрайды (ел өңірлері арасында 2-орын),  2275 км – облыстық, 5601 км – аудандық.

Бұл автомобиль жолдарына қызмет көрсететіндер -  «Қостанай ауданаралық жол-пайдалану кәсіпорны» КММ, «Қостанай жолдары» ЖШС, Иткаринов ЖК, «Темп-2» ПКФ ЖШС, «ВАН» ЖШС,  «Алюминстрой» ЖШС, «Сарыкольдорстрой» ЖШСжәне т.б

Бүгінгі таңда «Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі» 69% немесе 5 434 км құрайды (2016 жылы – 62%, 2017 жылы – 64%, 2018 жылы – 66%).

2022 жылы барлық бағдарламалар бойынша автожол саласының бюджеті 23,2 млрд.теңгені (РБ – 9,9 млрд. теңге, ЖБ – 13,3 млрд. теңге) құрады, жергілікті маңызы бар 336 км автожолды (40 учаске) және елді мекендердің 232 көше учаскесін жөндеу жоспарланды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша «Облыстық және аудандық маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі» бөлінген қаражатты ескере отырып, 85% -ды құрайды.

Сондай-ақ, жалпы пайдаланымдағы автожолдардағы жол – көлік оқиғаларын азайту мақсатында оларды ұстау шеңберінде ағымдағы жылы 66 мың ш.м. шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді, 3 110 км көлденең жол таңбасы орнатылды.

Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бағдарламасы аясында 2022 жылы 36 жоба іске асырылды.        

 Ахмет Байтұрсынұлының 150 - жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарының 57-тармағын орындау мақсатында, Шұбалан-Қарасу автомобиль жолының 0-ден 11,4 км-ге және 11  - ден 26,4 км - ге  дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ "Шұбалан-Қарасу" автомобиль жолының 6 км Торғай өзені арқылы өтетін көпірге күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

 

__________________

 

 

 

Дата публикации
03 ноября 2022
Дата обновления
03 ноября 2022
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
15 мая 2024
"Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ "ашық деректер"порталында жарияланғаны туралы хабарлайды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Бағыттар
08 декабря 2022
Жолаушылар көлігі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы