
Қазіргі уақытта 98 тұрақты автобус маршруттары бар, оның ішінде: 20 ауданаралық (облысішілік қалааралық), 40 қалалық, 27 қала маңындағы, 5 ауданішілік, 2 ауылдық және 4 халықаралық маршруттар. Автобус қатынасымен елді мекендердің 50 % қамтылған. Жангелдин, Денисов, Федоров, Қарабалық, Науырзым аудандарының елді мекендері автобус қатынасынсыз қалады. Тұрақты маршруттардағы автобустардың жалпы саны шамамен 420 бірлікті құрайды.
Халықаралық маршруттар Екатеринбург, Челябинск, Магнитогорск, Тюмень, Курган бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Халық үшін Көлік қызметтерінің қолжетімділігін жақсарту, әлеуметтік шиеленісті азайту және экономикалық дамуды ынталандыру, заңсыз тасымалдаушылар қызметінің жолын кесу мақсатында 2018 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялау бойынша жұмыс жүргізуде.
Жергілікті бюджет қаражатынан 75 әлеуметтік маңызы бар автобус қатынасы субсидияланады. Оның ішінде қалалық-38, қала маңындағы-19, ауданаралық-12, ауданішілік-4, ауылдық-2.
Осы мақсаттарға 2025 жылы бюджет қаражатынан 9 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді (2024 жылы – 6 млрд.):
- қалалық-7 324,8 млн. теңге
- қала маңы-1 661,1 млн. теңге
- ауданаралық-179,9 млн. теңге
- ауданішілік-238,1 млн.теңге.
Жаңа бағыттардың ашылуына байланысты субсидиялар көлемі жыл сайын артып келеді.
2018 жылдан бастап облыс халқы, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтары үшін өмірлік маңызы бар Қалалық, қала маңындағы және ауданаралық автобус байланыстарын сақтап қалуға мүмкіндік туды.
Соңғы 3 жылда облыс орталығынан Амангелді, Әулиекөл, Сарыкөл, Большая Чураковка ауылдарына дейінгі ауданаралық автобус қатынасын қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Б. Майлин ауданында, Әулиекөл, Жітіқара, Қостанай аудандарында жаңа ауданішілік автобус қатынасы ашылды.
Сонымен қатар, автобус паркі тұрақты маршруттарда жаңартылды. Қостанай, Рудный қалаларының тасымалдаушылары 192 жаңа автобус сатып алды.
Тұрақты маршрутты ашу үшін сізге қажет:
Тұрақты маршрутқа меншік құқығымен автобустарға, шағын автобустарға иелiк ететін, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес осы тасымалдау түрін ұйымдастыратын және "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-10)-тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесіне сәйкес автобустарға, шағын автобустарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудi қамтамасыз ете алатын жеке және заңды тұлғалар қызмет көрсете алады
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарламаны қабылдауды жүзеге асырады.
Заңды немесе жеке тұлғалар автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарламаны электрондық немесе қағаз нысанда "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес береді.
Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшілігі мынадай негізгі функцияларды атқарады:
1) жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру;
2) жолаушыларды қауіпсіз отырғызуды және түсіруді, багажды тиеу мен түсіруді ұйымдастыру;
3) жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету;
4) жолаушыларға жол жүрудің басталуын күту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін қалай орналастыру облыс немесе ауданның жергілікті атқарушы органымен берілген құжат бар кезде ғана жүзеге асырылады. Жарнама объектісі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығымен бекітілген Қағидасы негізінде орналастырылады