Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Автомобиль жолдары

Автомобиль жолдары – Қостанай облысының көлік-коммуникациялық кешенінің маңызды элементтерінің бірі, оның тиімді жұмысы мен тұрақты дамуы қазіргі жағдайда экономиканы көтеруге көшудің, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мен жағдайларын жақсартудың маңызды факторлары болып табылады.

Қостанай облысының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының желісі республикадағы неғұрлым ұзындарының бірі және 7 876 км құрайды (ел өңірлері арасында 2-орын),  2275 км – облыстық, 5601 км – аудандық.

Бұл автомобиль жолдарына қызмет көрсететіндер -  «Қостанай ауданаралық жол-пайдалану кәсіпорны» КММ, «Қостанай жолдары» ЖШС, Иткаринов ЖК, «Темп-2» ПКФ ЖШС, «ВАН» ЖШС,  «Алюминстрой» ЖШС, «Сарыкольдорстрой» ЖШСжәне т.б

Бүгінгі таңда «Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі» 69% немесе 5 434 км құрайды (2016 жылы – 62%, 2017 жылы – 64%, 2018 жылы – 66%).

2022 жылы барлық бағдарламалар бойынша автожол саласының бюджеті 23,2 млрд.теңгені (РБ – 9,9 млрд. теңге, ЖБ – 13,3 млрд. теңге) құрады, жергілікті маңызы бар 336 км автожолды (40 учаске) және елді мекендердің 232 көше учаскесін жөндеу жоспарланды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша «Облыстық және аудандық маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі» бөлінген қаражатты ескере отырып, 85% -ды құрайды.

Сондай-ақ, жалпы пайдаланымдағы автожолдардағы жол – көлік оқиғаларын азайту мақсатында оларды ұстау шеңберінде ағымдағы жылы 66 мың ш.м. шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді, 3 110 км көлденең жол таңбасы орнатылды.

Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бағдарламасы аясында 2022 жылы 36 жоба іске асырылды.        

 Ахмет Байтұрсынұлының 150 - жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарының 57-тармағын орындау мақсатында, Шұбалан-Қарасу автомобиль жолының 0-ден 11,4 км-ге және 11  - ден 26,4 км - ге  дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ "Шұбалан-Қарасу" автомобиль жолының 6 км Торғай өзені арқылы өтетін көпірге күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

 

__________________

 

 

 

Документы
Ақпарат
03 октября 2025
Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің тiзiлiмi
Ақпарат
04 января 2023
Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қаңағаттанарлық жағдайдағы үлесі
Ақпарат
01 августа 2022
Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың үлесі
Новости
Полезные материалы
Автомобиль жолдары
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Қостанай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары және жол инфрақұрылымын дамыту бөлімі
Часто задаваемые вопросы
Неліктен көктайғақ кезінде жолдарға құм мен тұз себіледі, нәтижесінде балшық пайда болады

Көктайғақпен күресу үшін құм тұз қоспасы қолданылады, ол қиылыстарды, түсулерді, көтерілістерді, айналма жолдарды, аялдама қалталары мен тротуарларды өңдеу үшін қолданылады. Қоспаның құрамына техникалық тұз бен құм кіреді.

Құм-тұзқоспасы – бұл мұзды бетке әсер етудің аралас (химиялық және физикалық) әдісі. Тұз қардың еруіне ықпал етеді және жол төсемін тазартуды жеңілдетеді, ал құм тұз қарды немесе мұзды ерітпес бұрын доңғалақтардың жол жамылғысына жабысуын қамтамасыз ете бастайды. Сонымен қатар, 35 градустан төмен температурада химиялық реагенттердің көпшілігі, соның ішінде техникалық тұз тиімді емес екені белгілі. Бұл жағдайда құм мұздалған бет бойынша қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Көктайғаққа қарсы материалды қолдану "Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларымен, аумақтарына баттандыру қағидаларымен", сондай-ақ Қостанай қаласының ІІБ ӘПБ ОДТИ ұйғарымдары және жолаушылар тасымалы ұйымдарының және қала тұрғындарының өтініштері негізінде регламенттеледі

Облыстың автомобиль жолдарының жағдайы қалай бақыланады

Қостанай облысы әімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және аумақтық полиция бөлімдері көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жағдайды тұрақты негізде бақылайды.

Жыл сайын басқарма қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп автомобиль жолдарын күзгі және көктемгі тексеруді жүзеге асырады, оның қорытындысы бойынша ақаулар, бұзушылықтар кейіннен жойылуға жатады.

Мердігерлік ұйымдар тұрақты негізде ұстау шеңберінде Автомобиль жолдарының пайдалану сапасын қолдайды.

Автомобиль жолдарындағы ЖКО –ның әрбір фактісі жауапты тұлғаларды тарта отырып, құқықтық жағынан шешілед.

Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде қандай талаптар қойылады

Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде жобалау-сметалық құжаттаманың, осы Заңның, Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының және автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.

Салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қолдану қажет. Жұмыс жүргiзу әдiстерiн және механикаландыру құралдарын таңдау кезiнде тиiстi санитарлық нормаларды, атмосферадағы ластаушы заттардың рұқсат етiлетiн шектi нормаларын сақтау қажеттiгi ескерiлгенi жөн.

       Жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде жасыл екпелердi сақтау немесе оларды қалпына келтiру қамтамасыз етiлуге тиiс.

Жол жұмысшыларының және жол қозғалысына қатысушылардың қауiпсiздiгi қозғалысты ұйымдастыру және жұмыстар жүргiзiлетiн орынды қоршау шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етiлуге тиiс, олар жұмыстарды жоспарлау барысында қарастырылуға және оларды жүргiзу кезiнде ұдайы тексерiлуге тиiс.

Жер төсемiн тұрақтандыру мерзiмi құрылыстың белгiленген мерзiмiнен едәуiр асып кететiн күрделi инженерлiк-геологиялық жағдайларда жол салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде суды бұруды және әр сатыдағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып жол жабындысын сатылап салуды көздеуге рұқсат етiледi.

Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезiндегi қауiпсiздiк талаптары техникалық регламенттерде және Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында белгiленедi..

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы