1 Жалпы ережелер
«Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппараты» ММ орналасқан жері: Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Ырсай ауылы, Школьная көшесі, 12 құрылыс; байланыс телефоны: 87143539674, электрондық пошта мекенжайы: v.kulakov@kostanay.gov.kz
Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес 2025 жылы әкім аппараты 6 мемлекеттік қызмет көрсетуші болды:
8 мемлекеттік қызмет бойынша әкім аппараты өтініштер қабылдайды:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жаңа қағидаларға сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді, ауыл әкімдігі көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматта жүзеге асырылуға тиіс.
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты АХАТ функциялары 2023 жылғы 01 шілдеден бастап жергілікті атқарушы органдардан "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқармасына берілді. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік корпорация көрсетеді.
2025 жылы 1 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер тегін негізде іске асырылады.
Негізсіз бас тарту болған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қызметкерлер «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін және бекітілген қағидаларды басшылыққа алады.
Бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары мен регламенттерінің саны.
Бекітілген ережелер-11.
Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны.
ММ-дегі барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2025 жылы қағаз және (немесе) электрондық негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны.
Қағаз түрінде-0 қызмет көрсетілді. Электрондық негізде-1 қызмет көрсетілді.
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу – 1;
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» - өтініштер түскен жоқ.
жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Халықты ақпараттандыру мақсатында көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолжетімді жерде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауымен Жітіқара ауданы Ырсай ауылы әкімінің аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараты бар стенд ресімделді, мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмыс кестесі орналастырылды. Сондай – ақ, барлық өзекті ақпарат Жітіқара ауданы Ырсай ауылы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік мекемеде сенім телефоны бар, шағымдар мен ұсыныстарға арналған стационарлық жәшік орналастырылған, шағымдар кітабы бар. Ауылдық округ әкімінің аппаратында азаматтардың мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта оқыту және алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған, онда әрбір азаматтың мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі туралы консультация алу мүмкіндігі бар.
|
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат. Интернет-ресурстар арқылы есепті кезең ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар туралы ақпарат орналастырылды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді.
3) Мемлекеттік қызметтер процесінің ашықтыығн қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар ( түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар). Ауыл әкімінің аппаратында көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде мамандар мемлекеттік қызметтер көрсету процесі туралы түсіндіру жұмыстарын құзыретті жүргізеді. Ауылдың бас мамандарымен Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін түсіндіру бойынша семинарлар өткізілді. 2025 жыл ішінде ай сайын 12 жарияланым көлемінде тұрақты негізде интернет-ресурстарда «Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппараты» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу қағидаларын халыққа түсіндіру туралы ақпарат орналастырылды. Жергілікті қоғамдастық жиналысында «Жітіқара ауданы Ырсай ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау мәселесі бойынша аппарат қызметінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ескертулер түскен жоқ.
|
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі ережеге енгізілген өзгерістерге сәйкес «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі оңтайландырылды, «Ауыл, кент жерлерінен жер учаскесіне құқық алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі қосылды. Ауыл әкімдігі көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер веб–порталдың сайтында бар.
Көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші арасындағы тікелей байланыс тәуекелі алынып тасталды. "Қолжетімді әкімдік" қағидаты бойынша мемлекеттік мекеме ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда көрсетілетін қызметті алушылар қызметтерді онлайн электрондық форматта дербес алады.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тиісті Заңдарды, ережелерді, әдістемелік ұсынымдарды, мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін зерделеу арқылы өз білімдерін арттырады, КБМ сабақтарында нормативтік құжаттарды зерделеу жүргізіледі. Міндетті негізде, кестеге сәйкес мамандар біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. 2025 жылғы қаңтарда бір маман мемлекеттік қызметшінің біліктілік деңгейін арттыру, жаңа жұмыс дағдыларын игеру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы өткізетін «Адамдар ең алдымен: мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру:
Барлық мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, сондай-ақ жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі регламент пен қағидаларға сәйкес көрсетіледі.
қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
Есепті кезеңде шағымдар түскен жоқ.
Есепті кезеңде ішкі бақылау жүргізілмеген.
Мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген уақыт кезеңінде ауыл әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны анықталмаған.
жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар мен ескертулерге жол бермеу мақсатында ауыл әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі. Ай сайын аудан әкімінің аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша ақпарат жіберіледі.
Сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ММ-нің одан әрі тиімді жұмысы үшін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында 2026 жылы жоспарлануда:
- Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы халықты ақпараттандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыру.
- көрсетілетін қызметті алушылар арасында "Электрондық үкімет"порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыру.
- белгіленген мерзімдерді бұзбай, Ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мәселесін тұрақты бақылауда ұстау.
- Мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
- Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандарға біліктілікті арттыру курстарынан өту.
Ырсай ауылының әкімі В. Кулаков