
"TortTulik" қосымшасы ауыл шаруашылығы жануарларының базасын кеңейтуге көмектеседі, әрбір жануар иесі (ШҚ, ЖШС, ЖҚШ және т.б.) өз малына түгендеу жүргізе алады. Осының арқасында ветеринариялық дәрігерлер ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды (вакцинация және диагностика) уақтылы және толық көлемде жүргізуге мүмкіндік алады.
"TortTulik" қосымшасы смартфонда онлайн режимінде жұмыс істейді. Бағдарлама арқылы ветеринариялық паспортты алуға, жоғалған кезде белгіні ауыстыруға, союдан кейін жануарды есептен шығаруға, жануарды бір КАТО ішінде сатуға және болашақта облыстар арасында мал сатып алу-сату рәсімдерін жасауға болады.
Бұл қосымша ауылшаруашылық жануарларының иелері үшін өте ыңғайлы, өйткені бұл қосымшаны үйден шықпай-ақ пайдалануға болады, бірақ Интернеттің сапасы жақсы болған жағдайда.
"TortTulik" мобильдік қосымшасына қатысты барлық сұрақтар бойынша Досқали Асымбаев көшесі, 51 мекенжайында орналасқан Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының "Жітіқара ауданының ветеринариялық станциясы" КМК-не хабарласа аласыз.
Жұмыс телефоны: 8 (71435) 2-17-37