Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу

" Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: 1) көрсетілетін қызмет беруші;

2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар мыналарды ұсынады:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобалық схемасы (жоспары) және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары мен жақтары ұзындықтарының жиынтық ведомосі.

порталға:

1) осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің жария кадастрлық картасында қалыптастырылған жоспардың нөмірі;

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттар туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы, мемлекеттік қызметтің көрсетілгені үшін төлем туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (бұдан әрі – ӘАБ) жобаланатын шекаралары жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келген кезде:

"Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары ведомосінің салыстырып тексеру актісі, ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттары ведомосінің салыстырып тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердіңжобалық схемасын (жоспарын) және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса бере отырып;

ӘАБ жобаланатын шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеген кезде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы акті, ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі;

не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызмет алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Дата публикации
05 февраля 2026