Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну

" Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: 1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті қағаз нысанда көрсету кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсынуға арналған өтініш;

2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).

Өкіл жүгінген жағдайда – өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

Адвокат жүгінген жағдайда – адвокатты куәландыру және қорғау (өкілдік) туралы жазбаша хабарлама;

Уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар жүгінген жағдайда - дәрменсіз борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі, сырттай байқауды енгізу туралы сот ұйғарымы және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушыларды тағайындау туралы бұйрығы.

Мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясы (таратушылар) жүгінген жағдайда - тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұйрық және тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат.

Мұрагерлер жүгінген жағдайда - мұраға құқық туралы куәлік;

3) жер-кадастрлық істі сәйкестендіру үшін жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі.

Порталға:

1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін беруге арналған электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

Үшінші тұлғалардан субъектінің жеке кабинетіндегі және/немесе субъектінің ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, субъектінің келісімі болған кезде порталдағы жеке кабинетінен берілген sms-хабарлама түрінде және/немесе субъектінің ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы тіркелген және қосылған жағдайда, қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен sms-хабарлама түріндегі электрондық сұраным ;

2) өкіл жүгінген жағдайда – көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың электрондық көшірмесі;

Адвокат жүгінген жағдайда – адвокат куәлігінің электрондық көшірмесі және қорғау (өкілдік) туралы жазбаша хабарламаның электрондық көшірмесі;

Уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар жүгінген жағдайда - дәрменсіз борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің, сырттай байқауды енгізу туралы сот ұйғарымының және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушыларды тағайындау туралы бұйрығының электрондық көшірмесі;

Мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясы (таратушылар) жүгінген жағдайда – тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұйрықтың және тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхаттың электрондық көшірмесі;

Мұрагерлер жүгінген жағдайда – мұраға құқық туралы куәліктің электрондық көшірмесі;

3) жер-кадастрлық істі сәйкестендіру үшін жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі;

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін, төлем туралы құжат және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі талап етеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті

алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

Дата публикации
06 января 2026