Жітіқара ауданы Ырсай ауылының  2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

 

 

 

 

 

 

Жітіқара ауданы Ырсай ауылының  2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

 Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-7-тармағының             сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ырсай ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1)  кірістер – 26 471,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 1 417,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсiмi бойынша – 25 054,0 мың теңге;

2) шығындар – 26 471,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                   0,0 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджеттен Ырсай ауылының бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 25 054,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
  2. 2026 жылға арналған Ырсай ауылының бюджетінен аудандық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемі 0,0 мың теңгені құрайтыны ескерілсін.
  3. Кезекті қаржы жылына арналған Ырсай ауылының бюджетінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі белгіленбегені ескерілсін.
  4. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
12 декабря 2025