Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Күнтізбелік 15 (он бес) күн.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: 1) "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындауға арналған өтініш;

2) жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің және қолданыстағы құрылыстардың өлшемдері көрсетілген жер учаскесін бөлу схемасы;

3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау туралы хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Дата публикации
07 августа 2025