"Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: 1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 7 (жеті) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар ұсынады:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің жоспары және оның бұрыштық бұрылыс нүктелері координаталарының ведомостері;
4) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатының (түбіртектің) көшірмесі;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен немесе ұялы байланыс операторы беретін көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным;
2) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің сайтында қалыптастырылған жоспар нөмірі;
3) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатының (түбіртектің) ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Жобаланып отырған жер учаскесінің келісілген жоспары не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші беру үшін олардың бір ай боцы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін құжаттарды жүйелеу және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) береді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.