ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы ортасында сәулесi бар күн бейнеленген көгiлдiр түстi тiкбұрышты мата, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Сабында - тік жолақ түріндегі ұлттық ою-өрнек. Күннің, оның сәулелерінің, қыранның және ұлттық ою-өрнектің бейнесі - алтын түстес. Ту енінің оның ұзындығына арақатынасы - 1:2.

Геральдика заңы бойынша күн сұлбасы байлық пен молшылықтың символы болып табылады. Сондықтан біздің жалаудағы күн сәулесін мұқият қараған кезде бір мезгілде астық пішіні - молшылық пен игіліктің негізі болуы кездейсоқ емес.

Көшпенділердің дүниетанымында дала қыраны немесе бүркіт ерекше орын алады. Оның Қазақстанды мекендеген халықтар мен этникалық топтардың елтаңбалары мен туларындағы бейнесі ежелгі дәстүрге ие.

Рәміздер тілінде қыранның сұлбасы мемлекеттік билікті, кеңдікті және көрегендікті білдіреді. Далалықтар үшін бұл бостандық, тәуелсіздік, мақсатқа, биікке ұмтылу, болашаққа ұшу символы.

Сонымен қатар, қыран қуатты күшке ие бола отырып, болашаққа қол жеткізуге кедергі келтіруге тырысқан кез-келген адамға лайықты қарсы тұруға қабілетті. Бүркіт сұлбасы жас егемен Қазақстанның әлемдік өркениет биіктігіне ұмтылу идеясынан да туындады.

Біздің туымыздың жаңашылдығы мен қайталанбастығын беретін тағы бір элемент ұлттық ою-өрнектен тұратын оның сабына параллель жолақ болып табылады. Мұнда қазақтың «қошқар-мүйіз - қой мүйізі» ою-өрнегі бейнеленген.

 

Дата публикации
06 января 2025