"Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

"Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері:  "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш;

2) іздестіру жұмыстарын жүргізу учаскесі жоспарының (схемасының) электрондық көшірмесі;

3) іздестіру жұмыстарын орындауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Дата публикации
07 марта 2025