"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: елді мекендер шегінде орналасқан жер учаскелері бойынша, елді мекеннің және бағалау аймақтарының белгіленген шекаралары болған жағдайда: көрсетілетін қызметті беруші арқылы – 1 (бір) күнді, портал арқылы – 30 (отыз) минутты, олар болмаған жағдайда 3 (үш) жұмыс күнін;

елді мекеннің шекарасында ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық бағалау құнын анықтаған жағдайда 3 (үш) жұмыс күнін;

елді мекендер шегінен тыс, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығына пайдалану мақсаттары үшін берілетін жер учаскелері бойынша 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, өтініш пен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

жер учаскесін бастапқы беру кезінде:

мемлекеттік қызметті көрсетушіге:

1) "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға өтініш;

2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін).

Өкіл жүгінген жағдайда өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың көшірмесі не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат, не электрондық цифрлық сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жер учаскесін таңдау және (немесе) схемасы (берілетін жер учаскесі үшін) актінің көшірмесі;

4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді экспликациясы (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге);

 

5) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртек) көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті өтініштің қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

порталға:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе ұялы байланыс операторы беретін көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, порталдың есептік жазбасына бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жер учаскесін таңдау және (немесе) схемасы (берілетін жер учаскесі үшін) актінің сканерленген көшірмесі;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді экспликациясының сканерленген көшірмесі (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге);

4) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртек) сканерленген көшірмесі.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде (жер учаскесін сатып алған жағдайда):

мемлекеттік қызметті көрсетушіге:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға өтініш;

2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртек) көшірмесі;

порталға:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе ұялы байланыс операторы беретін көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, порталдың есептік жазбасына бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртек) сканерленген көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне өтiнiш жасамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші беру үшін олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін олар құжаттарды жүйелеу және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) одан әрі сақтау үшін береді.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

 

Дата публикации
05 января 2025