Жітіқара ауданы Ырсай ауылы әкімінің 2024 жылғы 2 мамырдағы № 23 өкімі

«Жітіқара ауданының  Ырсай ауылы әкімінің  аппараты»  мемлекеттік мекемесінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту және қайта бекіту туралы

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 32-бабының 2, 4-тармақтарына, «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (кайта бекіту) кағидаларын және олардың мазмүнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттык экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (кайта бекіту) кағидаларының  және олардың мазмүнына қойылатын талаптарының 14, 18 тармақтарына сәйкес:

  1. «Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасының қайта бекітілсін:

          - 045 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу»;         

  1. «Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 - 2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасы бекітілсін:

          - 022 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары»

  1.  Осы өкім 2024 жылғы 1 қантардан бастап күшіне енеді.

 

                     

                                                                                                                                                                                                                                                                                       

     Ырсай ауылының әкімі                                                         В. Кулаков

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жітіқара ауданы әкімдігінің

экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімі» мемлекеттік

мекемесі басшысы

____________________ Ж. Демейсенова

        

            

Дата публикации
03 мая 2024