Ырсай ауылының жергілікті қоғамдастығы жиналысының
№ 6 ХАТТАМАСЫ
«Жітіқара ауданының Ырсай 2023 жылғы 30 қараша
ауылы әкімінің аппараты» ММ сағат 15-00
мәжіліс залы
Ырсай ауылының аумағында тұратын және жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысу құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны – 25 адам.
Қатысты – жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері, ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері – барлығы 17 адам.
Қатысты - жергілікті қоғамдастық жиналысының 13 мүшесі:
Ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері:
ТЫҢДАЛДЫ:
Ырсай ауылының әкімі Валерий Иванович Кулаков – күн тәртібін бекітуді ұсынды.
Күн тәртібін бекітуге дауыс беруді ұсынамын.
Дауыс берді: «Қолдады» – 13 адам; «Қарсы» – 0 адам; «Қалыс қалды» – 0 адам.
Қабылданды: күн тәртібін бір ауыздан бекіту.
КҮН ТӘРТІБІ:
В.И. Кулаков– жергілікті қоғамдастық жиналысын жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысын сайлау қажет.
Сіздерден кандидатураларды ұсынуды сұраймын.
Жиналыстың төрағасы етіп – Накиба Галиахметовна Ахметованы, хатшысы етіп – Ольга Олеговна Юнды сайлау туралы ұсыныс түсті.
Жиналыс мүшелеріне дауыс беруді ұсынамын.
Дауыс берді: «Қолдады» – 13 адам; «Қарсы» – 0 адам; «Қалыс қалды» – 0 адам.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы болып – Накиба Галиахметовна Ахметова, жиналыстың хатшысы болып – Ольга Олеговна Юн бірауыздан сайлансын.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ: жергілікті қоғамдастық жиналысының төрайымы Накиба Галиахметовна Ахметова.
Құрметті қатысушылар, жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері баяндамалар, қосымша баяндамалар үшін сөз сөйлеу, бүгінгі жиналыс жарыссөздерінде сөз сөйлеу регламентін белгілеуге рұқсат етіңіздер.
Регламент:
Құрметті жиналыс мүшелері, күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Ырсай ауылының әкімі Валерий Иванович Кулаковқа. сөз беруге рұқсат етіңіздер.
Қарсылық бар ма? Жоқ.
Сөз сөйлеу үшін сөз Валерий Иванович Кулаковқа беріледі.
Жітіқара ауданы Ырсай ауылының әкімі В.И.Кулаков
Құрметті жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері, Ырсай ауылының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін нақтылауды жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісу туралы күн тәртібіндегі мәселені қарауға көшейік.
011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 138 мың теңгені құрайды. Оның ішінде 110 мың 400 теңгеге «Stihl» ЖШС-мен қоқысты тазартуға шарт жасалды. Үнемдеу сомасы 27 мың 600 теңгені құрайды.
008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 712,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде 433,0 мың теңгеге "КЭЦ" ЖШС-мен шарт жасалды, ал 137,0 мың теңгеге «Форфайт» ЖШС-мен шарт жасалды. Үнемдеу сомасы - 142,0 мың теңгені құрады.
Үнемдеудің жалпы сомасы - 169 мың 600 теңгені құрады.
169 мың 600 теңге сомасында пайда болған үнемдеуді мынадай шығыстарға бағыттауды ұсынамыз: 001 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы 015 кіші бағдарламаның 131 ерекшелігі бойынша штаттан тыс қызметкерлерге еңбекақы төлеуге.
2023-2025 жылдарға арналған ауыл бюджетін нақтылауды келісуді ұсынамын.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ: Жиналыс төрағасы Н.Г. Ахметова
Құрметті жиналыс мүшелері, Сіз Ырсай ауылының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін нақтылаумен таныстыңыз, қандай да бір ұсыныстар, ескертулер бар ма?
Жоқ.
Егер ұсыныстар, ескертулер болмаса, жиналыс мүшелерінен Ырсай ауылының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін нақтылауды келісуге дауыс беруді сұраймын.
Дауыс берді: «Қолдады» – 13 адам, «Қарсы» – 0 адам, «Қалыс қалды» – 0 адам, «Қабылданды» бірауыздан.
Егер сұрақтар, ұсыныстар болмаса, жергілікті қоғамдастық жиналысын жабық деп санауға рұқсат етіңіз. Назарларыңызға рақмет.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Ырсай ауылының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін нақтылау, жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісілген болып есептелсін.
Жергілікті қоғамдастық
жиналысының төрағасы _____________ Н. Ахметова
Жергілікті қоғамдастық
жиналысының хатшысы _____________ О. Юн
2023 жылғы 30 қарашадағы
№ 6 хаттамаға қосымша
Ырсай ауылының жергілікті қоғамдастық
жиналысына қатысқан, дауыс беру құқығы бар,
ауыл аумағында тұратын жергілікті қоғамдастық мүшелерінің
тізімі