«Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Ырсай ауылы әкімінің 19.01.2023ж. № 2 өкімі

   

«Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы»

         

 

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»   Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «2023 жылғы мемлекеттік мекемелерде және ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесін бекіту туралы» аудан әкімінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 5-ө өкім негізінде:

  1. «Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағытта жүргізілсін:

мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бас маманына Роза Жумабековна Бирмагамбетоваға жүктелсін.
  2. Ішкі талдау жүргізуге жергілікті қоғамдастық мүшесін – Раиса Сандыгалиевна Хусаинова тартылсын.
  3. 2023 жылғы 3 сәуір мен 10 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау өткізу.
  4. Мемлекеттік мекеменің 2022 жылғы мамырдан 2023 жылғы наурызға дейінгі жұмыс кезеңі ішіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды қамту.
  5. Ішкі талдау талдамалық анықтама жемқорлық қауіп-қатерлер туралы анықталған ақпарат және оларды жою жөніндегі ұсынымдар туралы қорытындыны ұсыну.

 

 

  1. Роза Жумабековна Бирмагамбетоваға талдамалық анықтаманы ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде ішкі талдау қорытындылары бойынша шығарылған ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және басшылықпен келіссін.
  2. Басшылықты, үйлестіруді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және жұмыс нәтижелерін бақылау жауапкершілігін өзіме қалдырамын.

 

 

 

Ырсай ауылы әкімі                                                                В. Кулаков

 

 

 

Дата публикации
28 ноября 2023