Алаяқтықтың алдын алу
2023 жылдың 21 қыркүйегінде Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Ырсай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірмелер берілді.
Шара барысында алаяқтардың құрбанына айналмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады. Өзіңіздің жеке деректеріңізді, пластикалық карта деректемелерін, кодтар мен кодтық сөздерді ешкімге, тіпті өздерін банк қызметкерлері немесе полиция қызметкерлері деп таныстыратын адамдарға да ашпаңыз. Жеке деректерге белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге сенбеу керек. Сондай-ақ тексерусіз тауарларға алдын ала төлем жасамау немесе күмәнді транзакциялар бойынша аударымдарды жүзеге асыруға болмайды. Смартфонға немесе компьютерге функционалдығы сізге белгісіз қолданбаларды орнатудың қажеті жоқ және ешқандай жағдайда төлем үшін жіберілген немесе белгісіз контактілерден немесе қалқымалы терезелердегі спам хабарламаларында бар сілтемелерді баспаңыз.
Кездесу қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері азаматтардан түскен барлық сұрақтарға түсініктемелер берді.