Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды
Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ырсай ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері үйді аралау жұмыстарын ұйымдастырды.
Бұл шараның мақсаты жылыту маусымында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар халықты өрт қауіпсіздігі талаптары және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған басқа да шаралар туралы хабардар ету болып табылады. Ауыл тұрғындарымен жылыту маусымында пешті пайдалану, электр жылыту және газ құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы әңгімелер жүргізілді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамалар тапсырылды. Жылыту маусымының соңына дейін ауыл тұрғындарымен профилактикалық рейдтер жүргізіледі.