Абайлаңыз, көміртегі тотығы!
Көзге көрінбейтін қайғылы жағдайларға әкелетін газ адамдардың, соның ішінде балалардың өмірін қиюды жалғастыруда. Үйде автономды сигнализаторды немесе көміртегі тотығы дабылқаққышын қолдану арқылы көміртегі тотығымен улануды болдырмауға болады, ол сигнализатордың бір түрі ретінде қызмет етеді, өйткені жазатайым оқиғалар түнде тұрғындар ұйықтап жатқанда орын алады. Бұл тұрғындарға уақытында құтқару шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
ТЖБ қызметкерлері азаматтарды көміртегі тотығымен улануды болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтау туралы ескертеді:
1) түтін құбырлары мен жылыту пештері жүйелерінің басқа элементтерін күйеден тікелей жылыту маусымы басталмас бұрын, сондай – ақ ары қарай -кемінде үш айда бір рет тазалау қажет;
2) пешті жылытудың ысырмаларын жобалау нормаларында көзделген тесіктерсіз пайдалануға болмайды;
3) желдету және газ арналарын түтін мұржасы ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Егер сізде көміртегі тотығы дабылқаққышы орнатылған болса, онда ол іске қосылған кезде сіз бөлмеден шығып, «101» нөмірі бойынша өртке қарсы қызметке хабарласуыңыз керек.