ЖӨБ Хаттамасы (29.08.2023ж. № 5)

Ырсай   ауылының  жергілікті қоғамдастық жиналысы

№ 5 ХАТТАМАСЫ

 

 

«Жітіқара ауданының  Ырсай                                                    2023 жылғы  29 тамыз

ауылы әкімінің аппараты» ММ                                                  сағат 15-00-де                                  

ғимараты


Ырсай ауылы аумағында тұратын және жергілікті қоғамдастыктың жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті коғамдастық мүшелерінің жалпы саны - 25 адам.

Қатынасқандар - жергілікті қоғамдастық жиналыстың мүшелері, ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері  барлығы - 16 адам.

Қатысқандар - жергілікті қоғамдастық жиналысының 13 мүшесі:

  1. Казыбаева Каншаим Каниевна
  2. Наботова Салтанат Альжапаровна
  3. Ахметова Накиба Галиахметовна
  4. Пучина Алла Валерьевна
  5. Юн Ольга Олеговна
  6. Муртазина Айгуль Тукановна
  7. Керхнер Светлана Александровна
  8. Гордина Светлана Андреевна
  9. Таран Валентина Никандровна
  10. Оханова Гульнар Сериковна
  11. Эмрих Виктор Хрестьянович
  12. Хусаинова Раиса Сандыгалиевна
  13. Сарсенбаева Балжан Сидиковна

 

Ауыл  әкімі аппаратының қызметкерлері:

  1. Кулаков Валерий Иванович;
  2. Кульбаева Нургуль Арыстамбековна;
  3. Бирмагамбетова Роза Жумабековна

 

ТЫНДАДЫ:

Кулаков В.И. - Ырсай ауылы әкімі - күн тәртібін бекітуді үсынды:

  1. Жергілікті қоғамдастық жиналысынын төрағасы мен хатшысын сайлау туралы;
  2. Ырсай ауылы бюджетінің 2024-2026 жылдарға арналған жобасын келісу туралы

Күн тәртібін бекіту үшін дауыс беруді үсынамын

Дауыс бергендер: «қолдағандар» 13 адам; «Қарсы» 0 адам; «Қалыс қалғандар» - 0 адам. Қабылданды: күн тәртібі бірауыздан бекітілсін.

 

Күн тәртібі:

  1. Жергілікті қоғамдастық жиналысынын төрағасы мен хатшысын сайлау туралы;
  2. Ырсай ауылы бюджетінің 2024-2026 жылдарға арналған жобасын келісу туралы

 

1.ТЫҢДАЛДЫ:

В. И. Кулаков - жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу үшін жиналыстың төрағасын және хатшысын ашық дауыс беру арқылы сайлау қажет. Кандидатураларды ұсынуды сұраймын.

Жиналыстың төрағасы – Пучина Алла Валерьевна сайлансын  деп  ұсыныс түсті, жиналыстың хатшысы – Наботова Салтанат Альжапаровна сайлансын деп ұсыныс түсті. Жиналыс мүшелеріне дауыс беруді ұсынамын.

Дауыс бергендер: «қолдағандар» 13 адам; «қарсы» - 0 адам; «Қалыс қалғандар»- 0 адам.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: жергілікті қоғамдастық жиналыстың төрағасы Пучина Алла Валерьевна, жиналыстың хатшысы - Наботова Салтанат Альжапаровна бірауыздан сайлансын.

СӨЗ СӨЙЛЕДІ: жергілікті қоғамдастық жиналыстың төрағасы Пучина Алла Валерьевна

Құрметті қатысушылар, жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері, бүгінгі жиналыстағы баяндамалардың, қосымша баяндамалардың, жарыссөздерде сөз сөйлеу регламентін анықтауды рұқсат етіңіз.

Регламент:

  1. Баяндамалар үшін сөз сөйлеу - 10 минутқа дейін;
  2. Жарыссөздерде сөйлеу үшін - 5 минутқа дейін.'

Құрметті жиналыстың мүшелері, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз сөйлеу үшін ауыл әкімі аппараты әкімі Кулаков Валерий Ивановичқа сөз беруге рұқсат етіңіз. Қарсылық бар ма? Жоқ.

Сөз сөйлеу үшін Кулаков Валерий Ивановичке беріледі.

2.ТЫНДАЛДЫ:

 

В. И Кулаков

Қүрметті жиналыс мүшелері, күн тәртібінің екінші мәселесін қарастыруға көшейік.

Сіздерді  бюджеттік комиссия мақүлдаған Ырсай ауылы бюджетінің 2024-2026 жылдарға арналған жобасымен таныстыруға рұқсат етіңіз:

2024 жылға кірістер бойынша болжам 15 млн. 847 мың теңгені құрайды, бұл салықтық, салықтық емес түсімдер мен субвенциялар:

  1. Жеке табыс салығы бойынша түсімдер болжамы – 491,0 мың теңгені құрайды;
  2. Мүлік салығы – 16,0 мың теңге;
  3. Жер салығы – 126,0 мың теңге;
  4. Көлік құралдарына салынатын салық – 784,0 мың теңге;
  5. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен субвенциялар қарастырылған - 14430,0 мың теңге. Кіріс бөлігінің жалпы сомасы 15847,0 мың теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта ауыл бюджеті келесі бағдарламалардан түрады: «Аудандық маңызы бар қаланың, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер, «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру», «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру».

2024 жылға арналған бағдарламалар бойынша шығыс бөлігін мынадай түрде 15847,0 мың теңге сомасында бөлу жоспарлануда:

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 14959,0 мың теңге;
  2. Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру - 744,0 мың теңге;
  3. Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру - 144,0 мың теңге;

 

СӨЗ СӨЙЛЕДІ: жергілікті қоғамдастык жиналыстың төрағасы Пучина А.В

Қүрметті жиналыс мүшелері, Сіздер  2024-2026 жылдарға арналған Ырсай ауылының бюджетінің жобасымен таныс болдыңыздар, қандай да бір ұсыныстар, ескертулер бар ма? Жоқ.

Егер сұрақтар, ұсыныстар жоқ болса, жиналыс мүшелерін 2024-2026 жылға Ырсай ауылы бюджетінің жобасын келісуге дауыс беруді сұраймын.

Дауыс берді: «қолдағандар» - 13 адам; «Қарсы болғандар» - 0; «Қалыс қалғандар» - 0

«Қабылданды» бірауыздан.

 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:  Ырсай ауылының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетінің жобасын жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен келісілген деп саналсын.

 

 

Төраға:                                                                      А. Пучина

                     Хатшы:                                                                         С. Наботова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

№ 5 хаттамаға

2023 жылғы 29 тамыздағы

 

 

 

 

Ырсай ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысқан,

дауыс беру құқығы бар, ауыл аумағында тұратын жергілікті қоғамдастық мүшелерінің тізімі

 

 

 

 

  1. Казыбаева Каншаим Каниевна _____________________
  2. Наботова Салтанат Альжапаровна ___________________
  3. Ахметова Накиба Галиахметовна ____________________
  4. Пучина Алла Валерьевна _________________________
  5. Юн Ольга Олеговна _________________________
  6. Муртазин Айгуль Тукановна ________________________
  7. Керхнер Светлана Александровна ____________________
  8. Гордина Светлана Андреевна _______________________
  9. Таран Валентина Никандровна ______________________
  10. Оханова Гульнар Сериковна ________________________
  11. Эмрих Виктор Хрестьянович _______________________
  12. Хусаинова Раиса Сандыгалиевна ____________________
  13. Сарсенбаева Балжан Сидиковна _____________________

 

 

 

Дата публикации
17 ноября 2023