Меню

Страницы

Статья

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ! ШЕКАРА АЙМАҒЫ !

«Құрметті Степной ауылдық округінің тұрғындары мен Қазақстан Республикасының қонақтары, 16.01.2013 жылғы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңының 39 – бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес шекаралық әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағының шегінде ҚР Үкіметі осы Заңда айқындалған шекаралық режим қолданылатын шекаралық аймақ белгілейтінін сізге жеткіземіз.

         Шекаралық режим – шекаралық аймаққа кірудің, уақытша болудың, тұрудың немесе жүріп-тұрудың, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің белгіленген тәртібі.

         Жоғарыда көрсетілген ҚР Заңының 40-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, ҚР азаматтарының шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куәландыратын құжаттар және ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен ("Egof"электрондық порталы арқылы) ҚР Ішкі істер министрлігі беретін шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттамалар бойынша жүзеге асырылады.

         ҚР Үкіметінің 16.04.2014 жылғы №356 қаулысымен Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектері белгіленді (31.07.2015 жылғы №600 өзгерту және толықтыру).

         ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі

510-бап. Шекаралық аймақтағы шекаралық режимді және жекелеген жерлерде болу тәртібін бұзу.

  1. Шекаралық аймаққа кіру (өту), уақытша болу немесе жүріп-тұру кезінде шекаралық аймақта шекаралық режимді бұзу:
  • Қазақстан Республикасының азаматы жеке басын куәландыратын құжаттарсыз;
  • Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттары немесе ішкі істер органдары беретін рұқсаттамалары жоқ.

Бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

514-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін бұзу.

  • Белгіленген тәртіптің сақталмауынан көрінетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимінің бұзылуы;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту, бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ.

Жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осыған байланысты, Степной ауылдық округінің тұрғындары мен шетел азаматтарынан қырағы болуды, ҚР шекаралас аудандарында орналасқан ескерту ақпараттық белгілері мен стендтерге назар аударуды сұраймыз. Шекара қызметі өкілдерінен ҚР Мемлекеттік шекара сызығының өтуі және шекара аймағының шектері туралы қосымша ақпарат алуға.

 

Дата публикации
29 сентября 2025
Дата обновления
29 сентября 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

13 мая 2026
Ақбөкен етінің құндылығы мен пайдасы туралы
05 мая 2026
Жазғы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік туралы жадынама
Ақпарат
30 декабря 2025
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы