Меню

Страницы

Статья

Неке қиюға өтініш /неке қиюды тіркеу

 

Қызметті онлайн алу

Некені тіркеуге өтініш берушіге:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімде ерінің/зайыбының ЖСН көрсету және неке тіркелетін ЖАО тіркеу бөлімін таңдау.
  3. Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет.
  4. Болашақ ерінің/зайыбының өтініш беруді растауын алу. Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күтуі мүмкін, одан кейін күшін жояды.

Некені тіркеуді растаушыға:

  1. Порталда авторизациядан өтіп және «Қызметтерді алу тарихы» тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау.
  2. Өтінімді толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).
  3. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
  4. Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).

    Қызметті мемлекеттік органда алу жолы (қажетті құжаттар):

    1. Өтініш.
    2. Көрсетілетін қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
    3. Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.

    Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша

    • Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама (апостиль қойылған/заңдастырылған, орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар).
    • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады.
    • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлға тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін ұсынады.
    • Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжаты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасын ұсынады.

    Шетелдіктің, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар мәтінінің аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.

    Жеке басты куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, олардың мәтінінің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады.

    Қажет болған жағдайда - өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге (ерлі-зайыпты болуға) рұқсат.

    Заңнамада белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту негіздерін растайтын құжат қосымша ұсынылады: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше жағдайларды растайтын анықтамалар.

    Неке (ерлі-зайыптылық) заңнамада белгіленген жасын төмендету қажет болған жағдайда қосымша ұсынылады

    1. Өтініш.
    2. Белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін растайтын құжаттар: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы немесе ортақ баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер.
    3. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына жетпеген некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі.
    4. Заңды өкілдердің өкілеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер.

    Алдыңғы некелер (ерлі-зайыптылық) болған кезде деректерді тексеру үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы мәліметтер беріледі.

    ҚР шегінен тыс жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы тиісті (апостилденген/заңдастырылған, қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен) куәліктердің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары) ұсынылады.

    Ерлер мен әйелдер үшін неке (ерлі-зайыпты болу жасы) 18 жас.

    Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні жүргізеді.
    Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

     

    ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НӘТИЖЕСІ

    Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, электронды түрде, цифрлық құжаттар сервисінде қалыптастырылған цифрлық құжат

Дата публикации
28 мая 2025
Дата обновления
28 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 мая 2026
Ақбөкен етінің құндылығы мен пайдасы туралы
05 мая 2026
Жазғы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік туралы жадынама
Ақпарат
30 декабря 2025
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы