Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі " Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту"

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

" Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту"

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 20 (жиырма) минут ішінде,

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге:

1) "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;

2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);

3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі;

порталға:

1) қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;

2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);

3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті беруішінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабы 3-тармағының алтыншы бөлігінде, 37-бабының 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

 

Дата публикации
18 февраля 2025
Дата обновления
18 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 мая 2026
Ақбөкен етінің құндылығы мен пайдасы туралы
05 мая 2026
Жазғы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік туралы жадынама
Ақпарат
30 декабря 2025
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы