Меню

Страницы

Статья

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша есептелген қаражатты eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасынан тексеруге болады

2024 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының барлық балаларына «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы талаптар есептелді.

Ата-аналар мен заңды өкілдер есептелген қаражатты бірнеше тәсілмен тексере алады: eGov.kz электрондық үкімет порталының Жеке кабинетінде орналасқан «Цифрлық құжаттар» бөлімінде, eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі және kids.enpf.kz. сайты арқылы.  

Егер қосымшада немесе порталда бала туралы деректер жоқ болса немесе қате көрсетілсе, алаңдаудың қажеті жоқ – бұл БЖЗҚ-да нысаналы талаптардың есептелуіне әсер етпейді. Пайдаланушы eGov Mobile қосымшасындағы «Балалар туралы мәліметтерді өзектендіру» сервисі арқылы бөлімді жаңартып, қажетті деректерді енгізе алады. Өзгерістерді енгізу 2-5 жұмыс күнін алады.

Жиі қойылатын сұрақтар:

Балалар туралы деректердегі қателерді қалай түзетуге болады?

Егер бала туралы мәліметтер қате көрсетілсе, тиісті цифрлық құжатты ашып, жоғарғы оң жақтағы үш нүктені басу керек. «Қате туралы хабарлау» батырмасын таңдап, «Балалар туралы мәліметтерді өзектендіру» сервисіндегі форманы толтыру қажет. Сондай-ақ, туу туралы куәлікті тіркеп, өтінім жіберу керек. Сұрау 2-5 жұмыс күні ішінде қаралады.

Ұлттық қордан есептелген қаражат туралы ақпаратты алу үшін бала туралы деректерді қалай қосуға болады?

Егер қосымшада бала туралы ақпарат жоқ болса, бұл нысаналы талаптардың есептелуіне әсер етпейді. Деректерді қосу үшін «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, «Отбасы» бөлімін таңдау қажет. «Баланы қосу» батырмасын басып, форманы толтырып, туу туралы куәлікті тіркеу керек. Өтінім 2-5 жұмыс күні ішінде қаралады.

eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен балалар туралы мәліметтер жоғалып кетсе, не істеу керек?

Актуалды мәліметтерді алу үшін eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану ұсынылады. Қосымшада өзекті ақпарат көрсетіледі.

 

Дата публикации
17 февраля 2025
Дата обновления
17 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 мая 2026
Ақбөкен етінің құндылығы мен пайдасы туралы
05 мая 2026
Жазғы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік туралы жадынама
Ақпарат
30 декабря 2025
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы