Меню

Страницы

Статья

Сайлау

Республикада сайлауды дайындауды және өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары - сайлау комиссиялары. Сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесін:

1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;

2) аумақтық сайлау комиссиялары;

3) учаскелік сайлау комиссиялары.

Аумақтық сайлау комиссияларын Орталық сайлау комиссиясы, ал учаскелік сайлау комиссияларын - тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құрады.

Орталық сайлау комиссиясын қоспағанда, сайлау комиссияларының құрамын тиісті мәслихаттар құрады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі - бес жыл.

Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін тиісті мәслихаттар саяси партиялардың ұсыныстары негізінде сайлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидат ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияға кірмейтін кандидаттарды ұсынуға құқылы.

Аумақтық сайлау комиссиялары - бұл облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен республиканың астанасы), қаладағы аудандық, қалалық, округтік сайлау комиссиялары.

Аумақтық сайлау комиссиялары:

1) Президентті, Парламент пен мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

2) жеті мүшеден құралады.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы:

әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында сайлау заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; Президентті, Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерінің сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастыратын сайлау органдары облыстық және округтік сайлау комиссиялары болып табылады.

Учаскелік сайлау комиссиялары тиісті сайлау учаскелерінде Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын, басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын анықтайды: тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылар саны екі мыңға дейін жетіден жеті мүшеге дейін, тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылар саны екі мыңнан асатын жетіден он бір мүшеге дейін.

 

Дата публикации
16 мая 2024
Дата обновления
16 мая 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

13 мая 2026
Ақбөкен етінің құндылығы мен пайдасы туралы
05 мая 2026
Жазғы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік туралы жадынама
Ақпарат
30 декабря 2025
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы