Ауылдық елді мекендерде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы

Ауылдық елді мекендер аумағының санитарлық жай-күйін және абаттандырылуын қамтамасыз ету мәселелері жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында болады. Тұрмыстық қатты қалдықтардың рұқсат етілмеген полигондарының пайда болуы өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.
Қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру қоршаған ортаға теріс әсер етеді, топырақ пен су ресурстарының ластануына ықпал етеді, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды және елді мекендердің сыртқы келбетін нашарлатады.
Стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында ауылдық округ әкімінің аппараты жүйелі негізде мынадай жұмыстар жүргізуде:
рұқсат етілмеген полигондарды анықтау және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
қоқыстың уақтылы шығарылуын бақылау;
халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес:
ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы-жалпы пайдаланымдағы орындардың ластануы үшін жауапкершілікті көздейді;
ҚР ӘҚБтК 505-бабы-елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу;
ҚР ӘҚБтК-нің 344-бабы-өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу.
Аталған құқық бұзушылықтар үшін жеке және заңды тұлғалар үшін айыппұлдар көзделген.
Сонымен қатар, бұл мәселені тиімді шешу тұрғындардың белсенді қатысуымен ғана мүмкін болады. Қалдықтармен жұмыс істеу ережелерін сақтау, қоқыстарды шығару туралы шарттар жасасу, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңызды шарттары болып табылады.
Ауылдық округ әкімінің аппараты тұрғындарды абаттандырудың белгіленген талаптарын сақтауға және қалдықтарды белгіленбеген жерлерде орналастыруға жол бермеуге шақырады.

Дата публикации
31 марта 2026