Құстардың жоғары патогенді тұмауы – тыныс алу, ас қорыту, орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен және 70-100% - ға дейін өлім-жітіммен сипатталатын құстардың жедел, тез таралатын вирустық ауруы.
Үй және жабайы құстардың барлық түрлері ауруға сезімтал. Тұмау жылдың кез келген уақытында пайда болады, бірақ көбінесе құс ауруының өршуі ашық су айдындарында қоныс аударатын жабайы құспен байланыста болады.
Ауру қоздырғышының көздері, жұқтыру және таралу жолдары. Қоздырғыштың негізгі көзі – вирусты қоршаған ортаға тыныс алу жолдары мен көздерден, сондай-ақ құстың нәжісімен бөлінген ауру және ауырған құстар.
Инфекция ауру және сау құсты бірге ұстаған кезде ауа тамшылары арқылы, сондай-ақ жеммен, сумен, төсенішпен ластанған нәжісімен мен ауру құстың басқа секрецияларымен алиментарлы түрде жүреді.
Тұмау вирусының таралуы қоныс аударатын құстардың қоныс аударуы кезінде, сондай-ақ ластанған жем, жұмыртқа, ет және басқа да құс өнімдерін әкелу кезінде байқалады. Вирус адамдардың киімдері мен аяқ киімдерімен, автомобильдермен механикалық түрде тасымалданады.
Аурудың белгілері. Ауру құстағы ауру тыныс алу, ішек, жүйке және аралас (тыныс алу-ішек жүйке) түрінде көрінеді.
Тұмау ауруының алғашқы белгілері – жұмыртқа өндірісінің төмендеуі және құстың депрессия мен ұйқышылдыққа түсуі.
Тыныс алу түрі. Осы кезінде тыныс алудын қиындауы, түшкіру, тұмсықтан жіп түрінде шырыштың ағуы, көздің шырышты қабығының қабынуы, дене температурасының 44 С дейін көтерілуі, бас, мойын, кеуде және көмей аймағында ісіну байқалады. Ісінудің көрінісі құс тұмауына тән белгі болып саналады.
Ішек түрі. Осы кезінде негізгі белгі – диарея.
Жүйке түрі. Құстың ерекше қозғалыстарымен (басын орау, дөңгелек және манеждік қозғалыстар), қанаттарының немесе аяқтарының парездерімен сипатталады.
Аралас түрі. Ауру құс бір мезгілде тыныс алу, ішек және жүйке түрінде байқалатын клиникалық белгілер.
Қазақстан Республикасының аумағында тұмаумен ауырған құстарда (үйректерде, қаздарда): бастың 180 С-қа бұрылуы, тұмсығы мен табанының гиперемиялануы (қызаруы), тұмсықтың мүйізді қабатының жарылуы және қабыршақтануы, ауыз қуысының шырышты қабығының цианизмі (көкшілдігі), конъюнктивит, көздің қабығында бұлтты қабықтың пайда болуы, қауырсындардың шашыраңқылығы мен түсуі, мазасыздық, дөңгелек және мақсатсыз қозғалыстар, гипертермия (дене температурасының жоғарылауы), бастың дірілдеуі, қанаттардың түсуі, диарея (сұйық консистенциялы ақ, жасыл, сары түсті нәжісі), кейбір жағдайларда иттің позасында отыруы.