Степной ауылдық округі әкімінің
2025 жылғы «___» __________
№ ____
шешім жобасы
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1 – бабына сәйкес Жітіқара ауданы Степной ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актіні қабылдау туралы әділет органдарын хабардар ету;
2) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қостанай облысы Жітіқара ауданы Степной ауылдық округі әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Жітіқара ауданы
Степной ауылдық округінің
әкімі И. Ходзинский
Нормативтік құқықтық
актілерді әзірлеу, келісу
және мемлекеттік
тіркеудің қағидаларына
1-қосымша
«Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы»
Степной ауылдық округі әкімінің шешіміне түсіндірме жазба
түсіндірме жазба
|
Р/с № |
Мәліметтер тізбесі |
Ескерту |
|
1 |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы. |
«Жітіқара ауданының Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері. |
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабы 2-тармағына, 140- бабына сәйкес |
|
3 |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі). |
Жобаны қабылдау оны іске асыруға байланысты қаржылық шығындарға әкеп соқпайды. |
|
4 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын халықтың ауқымды топтары үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы. |
Жобаны қабылдау теріс, әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп соқпайды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді. |
|
5 |
Әлеуетті стейкхолдерлер (мемлекет, бизнес-қоғам, халық, өзге санаттар) үшін мүмкін салдарды егжей-тегжейлі сипаттайтын нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері. |
Сервитутты белгілеу мақсатында жобаны қабылдау қажет |
|
6 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы. |
Жоқ |
|
7 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі. |
- |
|
11 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері. |
Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайтуды және (немесе) ұлғайтуды көздемейді |
Степной ауылдық округінің акімі И. Ходзинский