"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау"мемлекеттік қызметін беруді түсіндіру туралы

  

"ЖІтіқара ауданы  Степное ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына сәйкес "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар жинауды жүзеге асырады.                                                        Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері:                            1) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, мансаптық Орталық, "электрондық үкіметтің" веб - "порталы" www.egov.kz , ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.    

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:   

1) порталға, мансап орталығына жүгінген жағдайда-тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні;                2) проактивті қызмет көрсеткен кезде - адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге адамның (отбасының) келісімін алған күннен бастап-15 (он бес) жұмыс күні;                                                Құжаттарды тапсырған күннен бастап ауыл , кент, ауылдық округ әкіміне-18 (он сегіз) жұмыс күні.                                                                                                            Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салуды ресімдеу кезінде құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады..бұл туралы өтініш берушіге тиісті мемлекеттік органдарға және  ( немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша хабарламамен;                                      Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған. Қағаз / белсенді.                                                                             Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама, ал бас тартылған жағдайда-оның себептерін жазбаша нысанда мансаптық орталық немесе әкім арқылы, сондай-ақ ұялы байланыс желілеріндегі абоненттік нөмірге хабарлама жіберу жолымен.                                    Порлал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде-тағайындау туралы хабарлама , ал оның себептерін көрсете отырып, уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" бас тартқан жағдайда.                                                                  Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.                                Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

Проактивтік қызмет көрсетілген кезде:                                                                              мемлекеттік қызметті көрсету үшін – көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банк шотының нөмірін растау немесе          ұсыну.                                                                                                               Көрсетілетін қызметті алушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас мәртебесі туралы, босқын мәртебесі туралы, шетелдік мәртебесі туралы, азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы, отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы, мүгедектікті белгілеу туралы, баланың тууын (қайтыс болуын) (барлық балаларға) тіркеу туралы, қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы, бала асырап алу туралы, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу жағдайларын қоспағанда, некені (ерлі-зайыптылықты) қиюды (бұзуды) тіркеу туралы, егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы, табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар); кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның мәртебесі туралы, өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу немесе оны тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы, жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса), жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы қатарынан үш ай ішінде алимент және (немесе) олар бойынша берешегінің болуы туралы, бас бостандығынан айыру орындарында болуы немесе өтініш берушінің отбасы мүшелерін мәжбүрлеп емдеу туралы, меншігінде тұрғын үйдің, үй-жайлардың болуы туралы, меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы, меншігінде автокөлік құралының болуы туралы, іздестіру есебіндегі адамның мәртебесі туралы мәліметтерді, электрондық өтініште көрсетілген банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабар жіберу арқылы пайдаланушының порталда тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.                                                                                               Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер                                                                                        1) отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісінің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен асуы;         2) учаскелік комиссияның материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш берушінің бас тартуы;                                                                                                         3) адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижесінде дайындалған қажеттіліктің жоқтығы туралы учаскелік комиссияның қорытындысы;         4) Кодекстің 122-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін шараларға қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде бас тартуы;                 5) алушының кінәсінан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайталап өтініш бергенге дейінгі алты ай ішінде;          6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) дұрыс емес құжаттарды – олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде ұсыну негіз болып табылады.

Дата публикации
04 мая 2025